Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.
Сабақ жоспары
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 9 | Оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | «Ұлпан» романын әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыра отырып, сыни мақала жазады; | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Әдеби сөз қолданыстар: аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен , аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері, Кенесары мен Есеней, кедейлік, тіл мәселесі, еліктеушілік,орыс мәдениеті, т.б Пән лексикасы және терминология:көксеу мен құрмет, мәңгіліктің мәңгілік мәселесі, елеусіз кірген дерт, жан мен жүректің ізгілігі Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Шыңғыс- Кенесары-Есеней, Ұлпан бейнесі, қоғам, т.б | ||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
| Дереккөздер | |||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру. Оқушылар өздерінің әлем әдебиетінде соңғы оқыған шығармаларымен бөліседі; Шығарманы «Ұлпан» романымен салыстырады; (ВЕНН диаграммасын толтыру)
|
| |||||||||
Оқушыларға Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына жазылған рецензия таратылады. Резенцияны үлгі ретінде ала отырып, «Ұлпан» романын өздерінің соңғы оқыған әлем әдебиетінің бір үлгісімен салыстырып, сыни мақала жазады. Ғабит Мүсіреповтің "Ұлпан" романына рецензия Қазақ ұлттық әдебиетінің «алтын қорының» төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі шығармалар қатарында классик жазушы, көркем сөздің майталманы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» атты романын айта кетсек еш жаңылмасымыз белгілі. Шығарма мазмұнына тоқталар болсақ, «Ұлпан» — тарихи роман, онда бір ғана Керей-Уаққа қарасты Сибан елінің тыныс тіршілігін суреттеу арқылы сол замандағы, атап айтқанда ХІХ ғасырдағы жалпы қазақ елінің шежіресі мазмұндалады. Шығармада ғасыр бойындағы қазақи тіршілік, оның тұрмысы, салт-дәстүрі, өзіне тән әдет-ғұрпы кеңінен қамтылған. Толығырақ айтар болсақ, бұл шығармада да Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағыдай сол заманғы қазақ халқының тыныс тіршілігін сипаттайтын жер дауы, жесір дауы, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру, жарлы мен жақсының күресі тәрізді құбылыстар терең сипатталып, суреттеледі. Шығарманың бас кейіпкері - Ұлпан, ол шын мәнінде өмірде болған тарихи тұлға. Романның екінші бас кейіпкері Есенейден қырық жасқа кіші бола отырып, тұлымы желбіреген жас қыздан бір рулы елдің басын біріктіріп, атын шығаратын ұлы тұлғаға дейін қөтеріле білген қайраткер жан. Романның мазмұнына орай, Керей-Уақтың Сибан елінің билігін қолына ұстап тұрған әйгілі биі, «мың жылқылы» байы Есеней жер дауы мәселесімен өз алдына жігіт кейпінде келген Ұлпанмен кездейсоқ ұшырасады. Оның қалың жылқысы аз үйлі кірме Күрлеуіттің жеріне түсіп кетеді де, сол елдің уәжін айта келген топтың басшысы бір кездері өзімен үзеңгілес жүрген және де өмірін сақтап қалған ескі досы Артықбайдың қызы болып шығады. Бес жасында Есенейдің арқасына мініп, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз, енді ел сөзін сөйлеп, ат құлағында ойнайтын батыр қызға айналғанын көрген Есеней жас алшақтығына қарамастан, Ұлпанға деген көңілі оянып араға өзінің әрі досы, әрі ағайындасы «Түрікпен» Мүсірепті салады. Аздап сыбызғы тартып, серілік құрып жүретін «Түрікпен» Мүсіреп, Есеней досының емеурінін шебер жеткізе отырып, Ұлпанға қолқа салады. Ұлпан болса, Есенейдің сөз салысын алғашында есеңгірей тыңдағанымен де, «Есенейдің құрығы мойныма түсе қалса, оны алып кететін күш біздің аз ғана ауыл кірме Күрлеуітте жоқ. Құдай салды біз көндік. Бірақ ағаңның есінде болсын Ұлпан арзанға түспейтін қыз»,- деп жауап береді. Осылайша, ол өзін роман сөздерімен суреттегендегідей «Таңданарлық қыз әрі есті, әрі сұлу болу керек емес пе? Сұлулығы жеңсе, есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды. Естілігі толыққан сайын, сұлулығы да толыға беретін қыз болады»,- дегендей қырынан таныта алған еді. (354 сөз) Дескрипторы
| Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы | ||||||||||
Сабақты бекіту 3 минут | Ой толғаныс Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім | ||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс. «Сұрақ-жауап» әдісі 1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды? 2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз? 3. Сіз үшін бүгін не қиын болды? 4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз? 5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды? | ||||||||||
Үй тапсырмасы | «Ұлпан» романындағы Ұлпан мен Есеней бейнесі және олардың тарихи тұлғалары тақырыбында зерттеу мақаласын жазу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?