Адам жанының құпиясы. Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 3

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.3.1 Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру

Сабақтың мақсаттары

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (фигура мен троп) анықтап талдайды;

автор стиліне баға береді.

Бағалау критерийлері

  • Көркемдегіш құралдарды ажырата алады;
  • Қолдану аясын түсініп, талдай алады;
  • Автор стиліне баға береді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: троп түрлері, автор стилі, талдау, автор идеясы, мазмұны

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Шығарманы оқуға,сюжетін меңгеруге, негізгі ойды анықтауға, қарама- қайшылықты анықтауға,оқиғасын болжауға және шығармашылық, сыни тапсырмаларға жетелейді.

Құндылықтарды дарыту

Руханияттың жаршысы болу, адамгершілік, мейірімділік, әділдік, салт –дәстүрлерді сақтау

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өзін-өзі тану, валеология

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, слайд, ноутбук т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы

Жоспар

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

(Әр кезеңнің уақытын көрсету)

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Қызығушылықты ояту

«Ереуіл» миға шабулы әдісі.

Оқушылар миға шабуыл жасайтын тақырыппен немесе сұрақпен танысады. Одан кейін оқушыларға стикерлер немесе түрлі-түсті қағаз бен желім таратылады. Олар қосымша құралдарды қолданып, митинг транспаранттарына тақырып бойынша идеяларын жазады. Содан соң орындарынан тұрып бейбіт ереуілге шығады және сыныпты аралап жүріп басқа оқушыларға өз идеяларымен бөліседі. Оқушылар шынайы ереуіл атмосферасы болуы үшін өз тұжырымдамаларын дауыстап қайталап айтып жүрулеріне болады (Мысалы, Бір – бірімізді құрметтейік! Туған жерді қадірлеу керек! Әрқашан сағыныш сезімі болғаны дұрыс! т.б.).

Слайд, транспаранттарға қажетті материалдар

Сабақтың ортасы

13 минут

5 минут

7 минут

1-қадам. Жазушы тілі

Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі жазушы тіліне зерттеу жүргізу

 Жазушы тілі

 Мысал

Мақал – мәтел

Шешендік сөздер

Басқа тілден енген сөздер

Тұрақты тіркес

Көнерген сөз

Жазушы жиі қолданатын сөздер

2 Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (троп пен фигура) анықтау

Шығарманың үзіндісін кесте бойынша талдау.

Көркемдегіш құрал

Үзінді

Беретін мағынасы

Дескриптор:

  • Шығармадағы жазушының тілін анықтайды;
  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып, талдай алады.

Топтар жұмыстарымен алмасып, бір-біріне кері байланыс береді.

2-тапсырма. Зерттеу сұрақтары арқылы автор стилін анықтау мқсатында әр топ ашық сұрақтарын құрастырады.

(Оқушылардың топта өзара сұрақ құрастыруына мүмкіндік беріңіз. Егер уақыт жетімсіздігі болса, дайын клишелерді беруге болады.)

1. Ақынның поэмасына негізгі арқау болған тақырып не?

2. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

3. Автордың стиліне баға беріңіз

Бағалау. Кері байланыс бере отырып, топ арасында төмендегі бағалау кестесі арқылы бір-бірін бағалайды:

Дескриптор:

1- топ

2-топ

3-топ

4-топ

1

Әр топ бір-бірінің сұрақтарына жауап бере алады

2

Автор стиліне баға бере алады

Ұсыныс:

Топтық тапсырма. Ұсынылған мәтіндердің бірін таңдап, адам жанының сағынышы туралы ойтолғаныс жазады.

Сағыныш... есімді білгенен бері келе жатыр,сірә бұл сағынышты өзіммен бірге алып кетермін. 

Сезім.... оны толыққанды сезінбедім

Мейірім.... қанша жерден ол келіп төгілсе де маған аздық етеді

Махаббат... менің достарым да және ода да бар,тек мен де ғана жоқ  

Қолымдағыны бәрін беруге дайармын,сағынышымды бір сәтке басуына.Өңешке жасырынған өкінішімді, балалық еркелігімді, жүрегімнің түбінде қалған наламды (налу) шығарып тастап еркін бір тыныстап сыртқа шығарып алып, ары қарай өмір ағысымен жүре беруден басқа амал жоқ....

«Сағыныш» өлеңін таратпа материалдар арқылу ұсыну

Сабақтың соңы

8 минут

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардан керібайланыс алынады.

Ол үшін оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң сабақ туралы мынадай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

Бас бармақ- басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?

Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек –көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Саусақ суреті салынған парақшалар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу