Адам жанының құпиясы. Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.
Сабақ жоспары
САБАҚ: 6 | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 9 | Оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||
Сабақтың тақырыбы | Бөлім: Адам жанының құпиясы Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау; | ||||
Сабақтың мақсаттары | Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы автор бейнесінің идеялық рөлін талдау | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Әдеби сөз қолданыстар: аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен , аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері, Кенесары мен Есеней, кедейлік, тіл мәселесі, еліктеушілік,орыс мәдениеті, т.б Пән лексикасы және терминология:көксеу мен құрмет, мәңгіліктің мәңгілік мәселесі, елеусіз кірген дерт, жан мен жүректің ізгілігі Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Шыңғыс- Кенесары-Есеней, Ұлпан бейнесі, қоғам, т.б | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтамен, ноутбукпен жұмыс жасу және classroom.google.com тапсырма орындау | ||||
Пәнаралық байланыстар | Психология | ||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романының мазмұны | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланатын уақыт |
| Дереккөздер | |||
Сабақтың басы 10 минут | «Граффити» миға шабуылы. Сыныптың қабырғаларына «Жан сұлулығы», «Өз өмірін сақтау», «Мен үшін ең асыл қазына» т.б. қатысты мәселелер, формулалар, көңіл аударуға арналған сөйлемдер немесе ойланатын идеялар үлкен флипчарттарға жазылады. Оқушылар қабырғада ілінген флипчарттың жанына орналасады. Флипчарттардағы тақырып немесе проблемалар барлық топтарға бірдей немесе әр топта екі түрлі болуы мүмкін. Оқушыларға ойлануға және өздерінің ойларын флипчаттарға жазуға екі минут уақыт беріледі. Содан кейін төмендегі тапсырмаларды ретімен орындайды:
соңында сынып оқушылары бір –бірлерінің үлесіне шолу жасау. |
Любовь Анатолийқызы Дорожкина, ББЖ ҚБАРИ доценті «Өз өміріңді сүй және бағала» | |||
Сабақтың ортасы 15 минут 10 минут | Мағынаны тану: Роман мазмұнына анализ жүргізу, талдау үшін бағыттаушы, ой қозғаушы тапсырма мәтіндер ұсынылады. 1-топ. Тапсырма. Автор бейнесін анықтау Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы – Ұлпан бейнесі ("Ұлпан” романы, 1974), ол – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: "Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Тапсырма: Үзіндіні оқып, Ұлпан мен Есеней бейнесін жазушы қалай суреттеді. Шығармадан тауып, бірнеше суреттеуін ұсыныңыздар. Сөзбен сурет салуды дәлелдеңіздер. Дескрипторы:
2-топ. Зерттеу. Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтау Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автордың сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасағаны мәлім.
Үзіндіні оқып, Есеней мен Ұлпан образын ашуда автор мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестерін,салт-дәстүрдің қандай түрлерін қолданды. Шығарма тілін талдаңыз. Шығармада шешендік сөздер, мақал - мәтелдердің қолданылу мәнін түсіндіріңіз. 3-топ.Тапсырма. Қолдану. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автордың сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасағаны мәлім. Әрине романдағы басты кейіпкер – Ұлпан. Әр заманда, әр халықта өмірдің айрықша құбылысы болып жарқ ете түсетін төтенше дарынды, жарқын тұлғалар болатыны аян. Ұлпан өткен ғасырдағы қазақ топырағында пайда болған сондай ғажайып құбылыс еді. Жазушы ел өміріндегі тарихи фактіні ала отырып, өзінің суреткерлік қарымымен халық дарынының, ақыл-ойының типтік көрінісіндей адам характерін үлкен зергерлікпен сомдап берді.
Любовь Анатолийқызы Дорожкинаның «Өз өміріңді сүй» зерттеу мақаласынан үзіндіні Ұлпанның тағдырымен байланыстыра талдап, өз пікіріңді ортаға сал және бақытты өмір сүру жолдарын ұсын «Өмірден безген адамдар психикалық дерттермен ауырып, эмоционалдық қиындықтардан, жабығудан күйзеледі де келер уақытқа үмітсіздікпен қарайды.» | Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия:
Мұғалімге ескерту: Оқушыларға 5 минуттық сөз дайындауға беретін тақырыбыңыздың өзектілігіне мән беріңіз, себебі, тақырып оқушыларды креативті ойлауға жетелесе, шығармашылыққа итермелесе сәтті болады. Кері байланыс «3-2-1»
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?