І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.


Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Толғану Тасқында, тау суындай, көңіл жыры, Қазақтың сусындасын ойы — қыры. Бұрқырат бұлағыңды кең далаңа, Бастырмай шөпке — шарға тоқтап құры. Далаңның той болғанда бүгін күні, Жүйріктей бабындағы жүгір, міні; Орай шап алдын, артын жиын жұрттың, Жыр қыла бүгінгіні, бұрынғыны. Шарықта шартарапқа қиял құсы, Көңілдің кеп тұрғанда күнді алғысы. Халқыңның қуанышын қанат қып қақ, Қашан да қала берер ұяң кісі. Қашаннан қазақ көшкен тарих көші, Таланып жаудан, жұрттан жеткен осы, Көсемі көш алдында басшы болып, Бақыттың жайлауына қонған тұсы. Шат көңіл, шадыман жұрт ақынысың; Жүйріктің жұрт қуантқан жақынысың; Баласың бақытты елге, түс майданға, Халқыңның қайратысың, ақылысың. Тілісің, теңіз көңіл, батылысың, Өткір ой, сезгір сезім батырысың; Желіндей қуаныштың жеделдей соқ, Өлеңнің өзені бір сапырылсын. Күйіндей домбыраның құлдырасын, Суындай Алатаудың сылдырасын; Сөздердің асыл, көркем тасын қала, Ұйқасы өлеңімнің сыңғырасын. Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/9675-kulager.html © www.ZHARAR.com

Мен өзім тауда туып, тасында өстім, Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім; Асқарда Аршалыға қозы жайып, Бұлттың аспандағы қасында өстім. Жөңкенің жоғары ала басында өстім, Ақ гауһар Ақ тастының тасында өстім. Аспанда ақиығы шаңқылдаған Құздардың құламалы астында өстім. Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген, Тасы жоқ, таусыз жерді жерсінбеген. Алматым Алатаудың бауырында Аңқылдап жел соққандай ән мен күйден. Жасымнан жырлап едім тауды талай, Гималай, Кавказ, Жөңке, Алтай, Алай. Ордасы ой, көңілімнің ала асқарлар Жырлатпай жүрегімнен жатсын қалай? Таудағы тасқындаған ағын судай, Өлеңім басталады таудан ұдай.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу