Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 2-сабақ.
Нысанбай жырау
Кенесары-Наурызбай
...Жалғыз шауып Наурызбай,Қырғыздың жолын кернеді.Үшеуін шаншып өлтірді,Бесеуі тірі, өлмеді.Бес мергенді тірі айдап,Ханға алып келгені.Сегіз мылтық өңгеріп,Тарту қылып бергені.Сол уақытта АқауызЖер тарпиды оянып.Наурызбай жүр үстінде,Қылышы қанға боялып.Қанына қырғыз қарайды,Несіне тұрсын аянып.Наурызбайдың үстінеБәрі келді таянып.Аллалап жүрген қырғыздыңЖелі тұрды оңынан.Ай мүйізді қошқардыңБәрі тартты қоңынан.Ақауыз ат құладыҚырғыздың атқан оғынан.Наурызбайға ұмтылдыҚалың қырғыз шоғынан.Қызылсу мен ДуанныңАңғарынан шаң асты.Қырсықтың алды емес пе,Төреден әркім адасты.Қырғыз, қазақ екі жарНаурызбайға таласты.Қырымда жүрген БұқарбайАтына қамшы бір басты.Үзеңгісін шығарып,Наурызбайға жанасты.Бұқарбайдың алдынаНаурызбай алды мінгесіп.Жауға түсіп қалмасқа,Қаша берді «шүу» десіп.Наурызбайды тұтпаққа,Қырғыз да қуды ілесіп.Қазақтан адам аз болдыБермейтұғын тіресіп.Қорғайын деп қырғыздан,Ағыбай сыртын айналды.Шамасы келсе тіресіп,Қорғамаққа ойланды.Бұқарбай мен НаурызбайСалар еді ойранды.Мінгесуі бір атқаОлардың қолын байлады.Сол уақытта қырғыздарБасқын жетігі өрледі.Жалғыз өзі АғыбайҚорғауға әлі келмеді.Алдыңғы жеткен қырғыздыАраға түсіп кернеді.Қолындағы найзасынОңды-теріс сермеді.Атасы өткен Абылай,Тілеуді берген бар құдай.Бұқарбай мен НауанғаҰмтылды қырғыз жабыла-ай.Шәкір де жетті бір жақтан,Қабан менен Меңдібай.Кертайлақ атты жеткіздіЖәуке менен Толыбай.Кертайлық ат жеткен соң,Мініп алды Наурызбай.Сегіз кісі бас қосып,Су бойында ауысты.Тоқтата алмай көп жауды,Үстіртке ойнап шығысты.Кезек жұмсап келедіНайза менен қылышты,Қалың жеткен қырғызданАла алмады тынысты.Сыйынады батырлар,Аузы кетпей тілектен.Шұбыртпалы Ағыбай,Талайды шанышты жүректен.Араласып, ШәкірдіңМылтық тиді білектен.Итшілесіп, сілкісіп,Қорғап шықты түбектен.Бұл сапарда құдайымЕрлердің жолын оңдады.Кертайлақты мінсе де,Ақауыз аттай болмады.Астына мінген атынаТөренің көңілі толмады.Артынан жеткен қырғызғаҰмтылуға болмады.Сонда да тәңірі жар болып,Тұтылып жауда қалмады.Құтылып келіп Наурызбай,Ханның түсті қасына.Көріп еді көп істіӘзелде жазған басына.Келе сөйлей бередіҚұдайменде ағасына.— Тау суындай сарқырап,Дулат жатыр өреңде.Қырғыз тұтқын қылыптыЕржан сынды беренді.Қырғыз тұтқан шағындаАрманда кеткен зереңді:«Екі ағам, бір інім бар,Іздер ғой мені», — деген-ді.Сөйдеп айтқан ЕржанныңАғасының бірі — сен.Ұзақ күнгі майдандаБір көрмедім сені мен.Бір нәсілдің ішіндеМұнша қалай тудың кем?Жауға қарсы бармастай,Қатынменен болдың тең!Сені қара басты ма,Қолыңа найза алмастай?Жүрегің ұшып кетті ме,Жауға қарсы бармастай?Қызметі сенде бар еді,Ержанды естен салмастай!Намысы сенде бар еді,Артынан тірі қалмастай.Ала бір таудың жылғасы,Баурында ойнар құлжасы.Тар жерде жолдас боладыЕрлердің найза құрдасы.Белсеніп жауға шабадыЖігіттің жанға мырзасы.Ержан болса қасымдаБөлекше туған тұлғасы,Болар ма едім қазаққаӘзіл сөздің олжасы?!Балалы арқар баурайды,Баласыз арқар маңырайды.Күйік қылмай көзіме,Жасаған сені алғай-ды!Сүйегімнен бұл таңбаӨлгенімше қалмайды.Ержан жауға түскенше,Сен жауға түссең болғай-ды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?