Нысанбай жырау «Кенесары –Наурызбай» жыры. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.
Сабақ: Қазақ әдебиеті | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Тарихи шындық пен көркемдік шешім | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» жыры | |||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | |||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау; | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: автор бейнесі, идеясы, стилистикасы, идеялық-тұтастырушы рөлі, талдау. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, сіздің ойыңызша, мынандай дәлелдер келтіруге болады т.б. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | |||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Академиялық адалдық: өзге адамдардың пікірі мен идеяларына деген құрмет, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау | |||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы біліммен байланыстыру: ЖЖ.«Түрлі –түсті хатқалта» арқылы мұғалім алдыңғы біліммен байланыс жасай алады. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 7 минут | Оқушыларға
«Сұрақ-жауап» әдісі. Тақтадан сұрақтар көрсетіледі. Бірінші қатарда отырған оқушы осы сұрақты жұбына қояды, берген жауабын стикерге жазып алады. Келесі сұрақты екінші қатарда отырған оқушы қояды, жауабын стикерге жазады. Ұсынылатын сұрақтар:
Тақтадан сұрақтың дұрыс жауабы көрсетіледі. Оқушылар жұбының жауабын тақтадағы нұсқамен салыстырады, бағалайды. | Оқушылар тақтадан көрінген сұрақтарға өзара ақылдаса отырып жауап береді. Бір-бірінің жауабын толықтыруға мүмкіндіктері бар. | ||||||||||||||||
Сабақтың Ортасы | Оқушылар кездейсоқтық әдісімен бес топқа бөлінеді. Әр топқа сұрақ ұсынылады. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы жауап береді. 1-топтың сұрағы: Нысанбай жырау өмір сүрген заман қандай еді? 2-топтың сұрағы: Жырау өмір сүрген кездің ел билеу ісінде қандай ерекшелік болды? 3-топтың сұрағы: Автор Кенесары мен Наурызбайдың тағдырын жырына арқау ету себебін түсіндіріңіз. 4-топтың сұрағы: Елден бұрын Нысанбай, Жоқ сұмдықты бастады. Қобызы қалды қосында, Түзеді бетін қашқалы. Өз басын алып ұтылмақ, Ідемеді басқаны – деген үзінділерді негізге алып, автордың бейнесіне талдау жасаңыз. 5-топтың сұрағы: Автордың жырдың бас кейіпкерлері Кенесары мен Наурызбайдың іс-әрекетіне деген көзқарасы қандай? Сағат тілімен алмаса отырып, критерийге сүйеніп топтың жауабын бағалайды.
ЖЖ Оқушылар тапсырмаларды орындау нәтижесінде алған ақпаратын негізге алып, ПОПС формуласын толтырады. ПОПС формуласы Менің ойымша, автор _________________________________ Мен оны былай дәлелдеймін____________________________ Мен бұған мынадай мысалдар келтіремін_________________ Мен мынадай қорытынды шешімге келдім________________ | Ойлан – Бірік – Бөліс Джес Джентильдің диаграммасы Ж. Берілген тапсырманы оқушы жеке өзі ойланып орындайды; ЖЖ. Оқушылар жұптасып, бір-біріне ойларын айтады, өте жақсы жауаптарды саралап, біріктіреді. Т/С. Жұпта өздерінің ерекше деп таныған жауаптарын келесі топпен немесе сыныппен бөліседі.
| ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия: оқушы өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды. Менің түйгенім... Қиындық туғызған тұсы... Туындаған сұрақ... |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?