Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 1-сабақ.
Бөлім тақырыбы:
Тарихи шындық пен көркемдік шешім
Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»
Оқу мақсаты:
9.Т/Ж1.әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық
талдау жасау
Бағалау критерийі
әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық
талдау жасайды
«Өрмекшінің өрмегін құру» әдісі
Барлық оқушы оқығандары бойынша сұрақ немесе тірек сөз ойлайды. Бір оқушының қолына жіп бумасы ұстатылады. Ол өзінің сұрағын не тірек сөзін айтып келесі оқушыға жіпті лақтырады. Ол оқушы жіпті керіп ұстап тұрып сұраққа жауап береді немесе тірек сөзге қатысты сөз айта отырып, жіпті келесі оқушыға өрмек шырмалатындай бағытта лақтырады. Қағып алған оқушы сұрағын не сөзін атап келесі оқушыға лақтыра береді. Ойын осы бағытта жалғасады.
Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы:
Пролог
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның дамуы
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі
Эпилог
Тапсырма
Шығарма үзіндісінде сюжеттік-композициялық құрылымның қай бөлігі бар деп ойлайсыздар? Шығарма бойынша талдау жасап, өз ойларыңызды дәлелдеңіздер.
«Өкіл» әдісі
Топ тапсырманы өз іштерінде талқылап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады.
Неге бұл үзіндінің сюжеттік-композициялық құрылымы толық емес деп ойлайсыздар?
Менің бұл сабақтан үйренгенім...
Менің бұл сабақтан түсіне алмаған тұсым...
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?