Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 3-сабақ.


І

 Мінездеу– әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Мінездеу түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу– осының бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі, мінездеу үшін маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты портреттік, психологиялық, сөйлесудегі мінездеу деген топтарға жіктеледі.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%96%D0%BD%D0%B5%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%83

ІІ

 Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінездің өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Мысалы: бірі-тура мінездеу, тағы бірі-жанама мінездеу.

Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән сүйініш, кұйініш, сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог), немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру-осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, бір-біріне жеке, дара мақсатты нәрселер емес, керісінше бірін-бірі толықтырп, бірінен-бірі туып жалғасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді. Сонымен бірге адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбеті (портреті) де адам образын ашуға қызмет етеді. Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе беру шарт емес. Әр портретте әр адамның ең бір ерекше сипаты нақты, қысқа суреттеледі. Әдеби шығарма не туралы жазылса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсілдің, бірі деуімізге болады.

http://www.izden.kz/referattar/kazak-tili-men-debieti/31



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу