Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет cұлтанға айтқаны». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 5-сабақ.
Әдеби-теориялық ұғымдар:
Бір затты екінші затпен, не екінші заттың қасиетімен салыстыру арқылы сурет жасаумен дүниені таныту.(Теңеу)
Екі нәрсені, құбылысты, салыстыру мен жанастырып жақындату негізінде жасалған, астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Метафора(ауыстыру)
Заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. (Эпитет)
Әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. (Әсірелеу, гипербола)
Адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. (Портрет)
Шығармадағы бір адам арқылы өмірдегі мың тұлғаны тану. (Типтік образ)
М е т о н и м и я (грекше теfопутіа — қайтадан атау) — өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірі қолданылуы.
Құбылысты шамадан тыс ұлғайтып көрсетуді гипербола, шамадан тыс кішірейтіп көрсетуді литота дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?