Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Пән

Қазақ әдебиеті

Сабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Сабақтың тақырыбы

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.Т/Ж4 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • шығармашылық жұмыс жазды;

Көптеген оқушылар

  • үзінділерді жұмыста қолданды;

Кейбір оқушылар

  • үзінділерді шығармашылық жұмыста қолданды.

Бағалау критерийлері

көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: шығармашылық жазба жұмысы

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Саты, Күрметі, Күдергі, Іле, Балқаш, Лепсі, Қарашоқы, Айыр, т.б.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

5 минут

  • Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
  • Оқу мақсатымен таныстыру.

Оқушылар 3-4 оқушыдан топтасады.

Тақтадан сөздер тобы көрсетіледі. Топтар ақылдасып, ненің атауы екеніне жауап береді:

  • Саты, Күрметі, Күдергі;
  • ебелек, жусан, ши, қурай, ошаған;
  • маринка, қарабалық, қаңылтыр, яз;
  • Торайғыр, Қарашоқы, Айыр, Сөгеті.

Сабақтың ортасы

25 минут

3 минут

5 минут

 

 Айналмалы бекеттер

 Қабырғаға Ш. Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделігі» шығармасынан алты үзінді жапсырылады. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ бір-бір үзіндінің тұсына орналасады.

 Мұғалім белгі бергенде әр топ өздеріне берілген үзіндіні оқып, оны шығармашылық жазба жұмысы түрінде жалғастырады.

 8 минуттан кейін мұғалім тоқтатады. Оқушылар сағат тілінің бағытымен келесі бекетке барады. Өздерінен бұрын басталып орындалған жазбаны жалғастырады. 8 минуттан кейін мұғалім тағы тоқтатады. Оқушылар келесі бекетке барады. Тағы да өздерінен бұрынғы жазбаны жалғастырып жазып, аяқтайды.

 Топтар келесі бекетке барып тоқтайды.

Т. Әр бекетте тұрған топтар қабырғадағы шығармашылық жұмысты оқиды. Топтардың бастапқы үзіндіні қалай жалғастырғаны, алдыңғы топтың жұмысын қалай жалғастырғаны туралы пікірлеседі.

Бағалау. Топтар жұмысты оқиды, бағалау критерийі бойынша бағалайды.

 Қабырғаға жапсырылатын үзінділер:

 1-үзінді

  Саяхатшы болғандықтан, мен қызықты саяхат оқиғасын іздедім. Бұрын жүріп өткен жолдармен Сатының Құрметіге құятын тұсына дейін ешбір қызықты оқиға болған жоқ, тек Күдергіде жылан өлтіріп, Күрметіде қабан қудық.

 2-үзінді

  Іле бойы өсімдікке өте жұтаң, төңіректің бәрі құм. Ебелек, жусан, қызылша, ши, қурай, ошаған өседі. Іленің суы лай, жағымсыз. Қытайлықтардың нанымы бойынша, Іленің суы зиянды, одан адам жүдейді-мыс.

 3-үзінді

  Қазір егін орағы уақтысы. Барлық ауылдар сол үшін егіс салған жазыққа түседі, егінін орып алған соң, тамыздың соңында Балқашқа, құмды қыстауға кетеді. Түні бойы жанымыздан көш өтіп шықты.

 4-үзінді

 Біз Түптың сағасына барып, ау тастадық. Қазақтар қарабалық деп атайтын маринканың бірнешеуін, қаңылтыр деп атайтын яздарды, шабақтарды (Ертісте кездесетін кішкентай балық) ауладық. 

 5-үзінді

Біз бұл жерге кешке келдік. Қаздардың қиқуы мен бақаның бір ерекше түрінің айғайы жағымсыз болғаны сондай, құлағымызды тығындауға мәжбүр болдық. Өзеннің жағалауында, тау жақта, Лепсінің сағасына қарай қазақ молалары көрінді.

6-үзінді

18 мамыр. Торайғыр тауының күнгей жағы. Сұлу Қарашоқы шатқалындағы бұлақ.

Айыр асуы Сөгеті сияқты тік болмағанымен, жолда жатқан дәу тастар оны арба өтуге қолайсыз етеді. Бұл жартастардың негізін құрайтын тастар ұсақ құмдар, ондай тастармен Финляндияда жолдарды төсейді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушы

көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады

- сөздердің мағынасын түсінді;

- шығармашылық жұмыс жазды;

- жұмыста үзіндіні қолданды.

Шоқан Уәлиханов

Көп томдық шығармалар жинағы, 1-том Алматы

2010

Сабақтың

соңы

Рефлексия

2 минут

  • Маған қызықты болған тапсырма...
  • Маған қиын болған тапсырма...

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу