Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 5-сабақ.


Қосымша материал

 26 [мамыр] күні менің қасымда қырғыз жыршысы болды. Ол Манас поэмасын біледі екен. Поэманың тілі, ауызекі тілге қарағанда, түсінуге әлдеқайда жеңіл. Поэма қаһарманы Манас - ноғайдан әйел жинаудың қайтпас қайсар батыры. Оның барлық өмірі соғыс пен сұлуларды іздеуден тұрады. Тек оның мінезі шығысқа тән емес - ол өзінің әкесін жиі балағаттайды, малын қуып әкетеді, онымен дөрекі сөйлеседі. Бұл жағы түсініксіз. || Барлық көшпенді халықтар қарттықты құрметтейді, ақсақалдар ерекше сый-құрметке ие. (279-б.)

 

 Жол бойында біз бірінші рет қырғыздардың моласын көрдік. Талдыбұлақ пен Бірінші Сатының арасында, алғашқысына жақын жерде бір мола бар. Онда шағын төртбұрыш пішінді екі үйінді бар (қазақтардың моласы қорған тәрізді салынады) - бұл, қазақтардың айтуынша, манап Атекенің ұлы Қарабектің бейіті. Ол Абылайханның ауылы Шелектің жоғарғы жағында орналасқан сарыбағыштарға шабуылы кезінде өлтірілген. Сатыға жақын жерде өзге мола бар. || Егер қазақтардың өз сәулет өнері, архитектурасы бар деп айтатын болсақ, ол сөз жоқ, молалар сәулеті.

 Бүкіл далада молалар үйінділері шашырап жатыр, олар күйдірілген кірпіштен мықты, берік жасалған. Бұл молаларға қарап отырып, далада саналы, өнерге жақын халық болған деп түюге болады. Бірақ, өмір сүру салты мен арнайы білім алмағанына қарамастан, қазақтардың өзінше қиын ғибадатхана соғу, қорған тұрғызуға деген ерекше ынтазарлығын есепке ала отырып, олардың даладағы бұзылған үйінділерді қандай да бір мола немесе ғибадатхана деп санауға болады. Бұл пікірді бекітетін мысалдар мынадай.

 Қырғыздар*33, өткен ғасырдың қырғыздары қандай да бір батырдың тыным тапқан тұрағын*34 келесі ұрпаққа белгі ету үшін үлкен топырақ үйіндісімен қоршап немесе күмбез салып болмаса сатылы мұнара тұрғызатын болған. Мұның барлығын олар қолданылған заттарға қарағанда, күйдірілген немесе шикі кірпіштен салған. Моланың алыптығы - марқұмның тірлікте ықпалды жан болғанының белгісі. Мұндай молалар Ұлы жүзде жиі кездеседі. Найман рулары әлі күнге дейін осындай молалар соғады. (281-282 б.)

 

 Далада қала қирандылары кездеспейді, даладан табылатын жекелеген кесенелер30 пішіні жағынан молалық ескерткіш. Қозы Көрпештің ескерткішін аңыз бойынша қазақтар мола етіп салған.

 || Осыған сүйеніп мен даланың оңтүстік шығысында жатқан үйінділерді31 көшпенді халық моласы деп санаймын. (282-б.)

 

 

Пайдаланылған әдебиет

  • Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы, 1-том, Алматы-2010

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу