Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 6-сабақ.


№1

 Ақсудың ағысы жылдам, оның жағалауы кей жерде терекпен көмкерілген. Жағалау тегіс, Лепсіге қарай жазық дала, дәл сондай дала Қисықауызға дейін созылып жатыр.

 Ақсудан біз Алатаудың қарлы шыңдарын көрдік. Бұл таулардың алыс сілемдері көгілдірленіп аспанға ұласып кеткендей көрінді. Кей жерлерде шыңдар бұлттан асып көрінеді. Көтеріліп келе жатқан күн оларға қызғылт түсті сәуле шашады. Ғажайып көрініс. Қисықауыз Алатаумен салыстырғанда, жүзжылдық еменнің көлеңкесінде өскен шөп сияқты. Біз жүрген дала тегіс, біреу әдейілеп таптағандай және онда жусаннан басқа ештеңе жоқ. Оң және сол жақтан дөңгелек және қамал тәріздес молалар көрінеді, көпшілігі күмбезді. Жолда жылқылардың үйірі мен қойдың отары кездесті, алыстан қазақ үйлер қылаңдады. Бізді көрген қазақтар алысырақ кетуге тырысты, біз сұлтанның қонысы қайда екенін сұрайық деп малшыны тоқтатқанда, ауылдағы әйелдер шу көтерді. Ауыл шулап кетті. Әйелдер бір үйден екіншісіне жүгіріп, біреудің атын атап шақырды, шамасы биді болса керек.

 - Олар менің қойымды алып кетті, - деді бір ащы дауысты әйел, шамасы, өзі солай болжаса керек, - менің кезегім емес қой, - деп шыңғырды ол.

 Біз әрі қарай кеттік, ауыл тыныштала бастады. Тек жаңағы әйелдің ащы дауысы ғана бізге жетіп тұрды, күмән жоқ, қойын орыстардан сақтап қалғаны үшін ол Аллаға алғыс жаудырып жатыр.

 

 Ары қарай жүрдік: жолда ауылдар жиі кездесті, бірақ қыбырлаған тірі жан болмады, барлығы: «Орыс, орыс!» деп шошына айғайлап, киіз үйлеріне тығылды. Күдікті сейілтіп, нәзік жандылардың қызығушылығын туғызу үшін мен қасымдағы қазақтарға қазақша ән салуды тапсырып, өзім салша киініп алдым. Бұл әрекет толық нәтиже берді, әйелдердің барлығы киіз үйден шықты, тіпті бір әйел мұсылмандар ретінде бізге арнап жоқтау жырын айтты.

№2

 Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағалауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.

 Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.

 Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.

 

 

№3

 

 Қырғыздарда, біздегі сияқты әйел күйеуінің қазасын бір жыл бойы дауыстап жоқтауы керек. Мұсылмандар, яғни өз адамдары өткен кезде, ол жоқтау айтуы қажет. Сұрастыра келіп біздің білгеніміз, әйел сарыбағаш оқиғасында күйеуінен айырылыпты, киіз үйге ілінген қара ту соны білдіріп, марқұмның жасын да көрсетеді екен. Егер киіз үйге қандай да бір ту ілінсе, сол үй бір мүшесінен айырылды деген сөз. Егер ту қызыл болса, жас адам дүние салған, қара болса, орта жастағы, ақ болса, кәрі кісі деген сөз. Біздің аяшымыздың (қырғыз әйелі) отағасы орта жастағы болып шықты. Біз тоқтап тұрып қырғыз әйелдің элегиясын (жоқтау) тыңдадық. Сөздерін анық ажырата алмадық, тек «ох!», «қоқи!» деген дауысы айқын естіліп тұрды. Бұрын бұл ордада болған бір қазақ сол кезде естіген өлең жолдарын келтірді, соған қарап біз мәтінін шамаладық...

 Жоқтаудың жалпы сипаты - «маған енді не болады», деп, марқұмнан «енді менің күнделікті қажетімді кім өтейді» деп сұрау, «етікті кім тігеді, тары ботқаны кіммен бөлісіп жеймін» дегендей құдайға зар қылу... Бізді қоршаған қазақтармен әңгімелесе бастадық. Менің қазақ сұлтаны және хан тұқымы екенімді білген соң, олар сеніммен қарай бастады, ал егде әйелдер менің жүдеу денеме, қан сөлсіз бетіме аянышпен қарады, іштерінен шамасы, байғұс, анасын сағынған болар деп ойласа керек, мен сияқты жас баланы ай далада кім әлпештеп, битін кім сығып береді деп аяса керек. Олардың соңғы аңғырт сөздері менің күлкімді келтірді. «Не деген мейірімді, қарапайым адамдар!» - деп ойладым мен. Бір кемпір маған тостаған толы қымыз әкеп берді. Оның көзқарасы мен сөздерінде шынайы жанашырлық пен аяушылық тұнып тұрғандықтан, оны разы ету үшін, тостағанды бір ақ сімірдім.

 

 

№4

 Сапарымыздың желісін ары қарай тарқатайық. №2 бекетте біз оң жағалауға ауыстық. Бұл кезде түн болатын. 4 ші нөмірге жетпей, 10 шақырымдай жерде қазақтар жырында айтылатын әйгілі Қозы Көрпештің моласы тұр. Біз поэманы жақсы зерттегенбіз, сондықтан олардың моласын көргіміз келді. №2 бекеттен шыққан уақыт бойынша Қызылқия бекетінен түнде өтуіміз керек болатын. Бірақ біз таңертең сонда тұрып, молада шай ішкіміз келді: жолда шай ішкен жақсы, әсіресе, ескі қирандылар мен молаларда. Өткен туралы ойлайсың, бүгінгіңді аялайсың. Осы мақсатпен жәмшікке тек таңертең, күн көтерілген кезде, бозторғай алғашқы әнін шырқап, түн пердесі түрілгенде, түнгі бұлттар солтүстікке ауып, батыстан таңғы қызғылт күн көтерілгенде, жарық ағаштардың бұтағына түсіп, су керемет тамаша түске енген кезде, осындай поэтикалық сәтте моланың басында болуды тапсырдық.

 Адам жобалайды, бірақ Құдай шешеді. Түні бойы жаңбырдың ірі тамшылары жеңіл арбаның шатырын ұрғылап тұрды. Шаршаған аттар, батпақта аяқтарын әзер басып жүріп келеді. Тек шыбықтың шартылдаған дауысы мен шаршаған аттардың пысқырынуы, делбешінің айғайы ғана жаңбырдың бірсарынды дыбысын бұзып тұрды.

 Нашар түн болды, сондықтан жүру де қиындады. Жаңбыр ойлаған жоспарымызды бұзбасын деген күдік, алаңдаумен жәмшікке бірнеше рет: «қалай, аспан ашылмады ма?» деп сауал тастадым. Суық сүйегіне дейін өткен делбеші «Жоқ!» деп күңкілдей жауап берді де, тағдырға назаланғандай «Не боп кетті, брр...» деп тізесіне жиналған суды төкті. Менің оған жаным ашыды, тезірек жүрсек, ол баяғыда жылы пешке қыздырынып отырар еді. Баян сұлудың естелігін көрмей кету де обал.

 Осылайша біз бір сағат жүрдік.

-         Мәртебеңізге құлдық, - деді жәмшік, - міне мола!

Мен басымды шығардым. Күннің көзі түнерген бұлттардан шығып келеді, аспанды сұр бұлт басқан, бұрынғысынша жаңбыр жауып тұр, көбіктенген аттар батпақты сортаң жермен әзер жүріп келеді, өзеннің сол жағында тобылғылардың арасынан моланың үшкір басы көрінді: ол қызыл кірпіштен қаланған болып көрінді. Мұндай ауа райында шай ішіп, қазақтардың ескерткішін тамашалау туралы ойлаудың өзі артық еді.

-         Шамасы, өзен де арнасынан шығайын деп тұр, жоғары мәртебелім, - деді жәмшік менің ойымды оқып қойғандай.

-         Олай болса, жүре бер, қайтар жолда қарармыз, - дедім мен, сосын тонға оранып, ұйықтап алайын деп көзімді жұмдым.

 Өзағаш бекетінде шай іштім. Өзеннің солтүстік жағалауы жайылған лай су мен сортаң басқан дала. Аягөздің жағалауын бойлаған жолмен өзеннің арнасынан шығуы себепті жүру мүмкін болмады. Біз айналып жүрдік. Алдымызда тегіс сортаңды батпақ дала жатты. Шидің ақселеу бастары шоқтанып өсіп тұр, тіптен көп. Әр жерде қарайып шеңгел, баялыш, көкпек, бүрген өсіп тұр. Осылайша біз 25 шақырымдай жүрдік.

№5

 Келесі ауылда бізді күтіп отырды. Бірнеше ер адам мені «алдияр» деп сұлтанша қарсы алып, мені алғашқыда өте таңқалдырған өтініш білдірді.

 - Бізде бір бейшара аяш бар, - деді олар, - оны жындар буған, біз ақсүйек адам оның жынын қуып жібере алады деп естіген едік.

 - Оларды мен қалай қуамын? - деп сұрадым мен.

 - Өте оңай, - деді қырғыздар, - қамшымен аямай ұру керек, сонда бүкіл жындар кетеді.

 Мұның бәрі сандырақ, ешқандай жындар жоқ, ол науқас, оны ұрып емдеу қажет емес, оған тыныштық керек екенін қанша айтқанымен, оның бәрі бекер болды. Қырғыздар риза болмай, бір соққымен жындарды қууға шамасы келеді, бірақ оны істегісі келмейтін қатыгез адамдай қарап кетті. Амал жоқ. Мен оларға өзімнің бауырым сұлтан деп таныстырып, бір қазақты ұсындым. Ол батыр өңін өзгертіп, қамшысын төбеге көтеріп, ауылға қарай тартып кетті. Бірнеше әйел бейшараны ұстап тұрды. Қазақ оған айғайлай тап беріп, өзінің ісіне кірісіп кетті. Байғұс шырылдап, зорға құтылып, үйге қарай жүгіре жөнелді. Оны қайтадан ұстап алды. «Ұр, ұр» деп шешесі айғайлады, «ұр» деп қалың топ артынан қайталады. Мен шыдай алмай, байғұс аяшқа жақындап келіп, қазаққа "емдеуді" тоқтатуды бұйрық еттім. Науқастың туыстары менің араласуыма риза болмады. Барлығы маған ызалы көз тастады. Тек ақылынан адасқан ғана мені құтқарушысы деп, әртүрлі жылы сөздер айтып, мойныма асыла кетті.

 Барлығы тынышталғаннан кейін, мен науқасты қарай бастадым. Оның жасы 15-тен аспаған сияқты, бірақ арқасындағы қос бұрым шашы оның күйеуге шыққанын көрсетіп тұрды. Ол өте, өте көрікті екен. Үлкен қара көздері біреуді іздегендей болып жан жаққа алақтайды. Өңі боп-боз, өзі жүдеу. Соған қарамастан, өте әдемі. Үстінде ішкөйлек пен жыртық шапаннан басқа көйлек болған жоқ. Мен онымен сөйлесуге тырысып едім, менің сұрақтарыма үзіп үзіп, тек «Жамбек», «Шоң әке», «Қаражан» және т. б. есімдерді атады. Содан соң бір жас қырғызды көрсетіп: «Менің айнам... ол сындырды... жағамды жыртты» деп, ешкім көріп қоймасын дегендей өзінің жаулығын тығып қойды. Сұрастыра келе, жаңағы айтылған есімдер оның туыстары екенін білдім. Оның тұрмысқа шыққанына бір жыл болыпты, күйеуі жаңа саусағымен көрсеткен жас қырғыз жігіт. Бәрі түсінікті болды. Күйеуі оны ұрып, айнасын сындырып, көйлегін жыртқан. Әке шешесінің үйінде жалғыз қыз болған, демек, әкесінің еркесі, дегенінің бәрі болған. Күйеуінің қатыгездігінен, қаталдығынан бұрынғы бостандығын аңсап, есінен айырылған. Оның ылғи адамдардың атын атап, біреуді іздегені сол екен.

 Жас ару мен оның туған-туыстарын оның сауыққанына сендіріп, егер әйелі ауырмасын десе, көйлегін жыртып, айнасын сындырмауды күйеуіне тапсырып, ары қарай жүріп кеттік.

 

 

№6

 Сөгеті тауына өрлейтін осы тау арсындағы тар алқапта рауғаш көп болды, ал Торайғыр тауына қарай еңкейген бөктерде бірыңғай жусан мен бетеге өседі. Рауғаштың гүлдеп біткен шағы екен, тіпті жапырақтары қызарып кеткен. Оң жақта, біздің жолымызбен қатар Шелек өзені ағып жатты. Оның ағысы, яғни Сөгеті мен Торайғыр арасындағы ағысты қазақтар Бартоғай шатқалы деп атайды, сол жақта біздің жолымызды бойлай, жазықпен Шарын ағып жатты.

 Шарынның Бөгеті мен Торайғыр таулары біткен жердегі ағысын қазақтар Сарытоғай, ал оның Бірінші Меркі құятын жерден Сартоғайға дейінгі араны Ақтоғай деп атайды. Бұл түнемелікте кеш суық болды, жел күздегідей соқты. Түні бойы қардың қатты жауғаны соншалықты, Алатаудан Іле жазығына дейінгі барлық алқап қыстағыдай аппақ болып жатты. Аяз қатты болды, біз тонға оранып, киіз үйге от жақтық. Суық Реомюр бойынша 50 болды. Міне, Торайғыр тауынан қарағанда жоғарыда айтылған үстірт пен төңіректің көрінісі.

 Торайғыр - торы түстіайғырдегенсөз. Қазақтардыңаңызыбойынша, олар осы араданқалмақжоңғарлардықуғанкезде, осы таудан торы айғыртауыпты.

 Торайғыр - албандардыңтамашақыстауы. Елдіңайтуынша, ондамүлдемқарболмайды, ал болса да, аз жауып, тез еріпкетеді. Еңқатаңқыс пен жұтта мал тек қынажепкүйлішығады - шөптіңкүштілігі мен топырақтыңқұнарлығысондай. Сондықтанқазақтармұныжұғымдыжердепайтады. МамырайындабізҚұдайдыңқұдіретімен осы құнарлыжердеқаржатқанынкөрдік. Қардыңкөпболғанысоншалықты, оныңмүлдемеріпкетуіүшінүшкүнқатарынанкүнніңкөзішыққаныкерекболды, бізүшінуақытқымбатболды, сондықтанбізкелесітаңдааттаныпкеттікжәне [Торайғыр] тауыныңкүнгейіндегіСұлуҚарашоқышатқалындасәлдамылдадық.

№7

 25 күні таңертеңнен дулаттар мен бұғулар арасында келіссөз жүрді. 10 казак арық руының ауылдарына салық жинауға жөнелтілді. Түскі астан кейін жасақ жолға шығып, солтүстік шығысқа, Санташқа бет алды. Қарқараның жоғарғы ағысынан бастап жер тегіс, жайылым мол, жалпы бұл жер өсімдіктерге өте бай. Қазақтар айтатындай, күзде атты кісінің үзеңгісінен келетін биік шөп, небір түрлі жалпақ жапырақты өсімдіктер шалғындай жайқалған, таудың бөктері мен басында да сондай. Әсіресе, тамаша көрінетін өсімдіктер: (ағылшын) жалбызы бен жүгері сияқты (қант қамысы) жапырақты қамыстың бір түрі. Қазақтар бұл өсімдікті ақ құрғашын деп атайды, қырғыздар болса, марал құлақ дейді. Бұл өсімдіктің сөлі улы, ісік тудырады десті. Мал оны тамыз айына дейін, сарғайып, сөлі аққанша жемейді. Исі сиырдың тезегіне ұқсайды. Тауда, сол жақ баурайда тал ағашы, шетен (ерекше түрі, қабығы тегіс, әрі түсі оттай қызыл) өседі. Сай мен таудың басында қалған қарға қарап, (Санташтың таулары өте аласа) Қарқара алқабы тым биік деп шамалауға болады.

 Түнемеліктен оңға Тобылды Асу тауының жалғасы, шағын қырат болды. Оң жақта* Қарқара тауының жалғасы. Біз жоғарыда айтқандай, бұл таулар аласа. Жол батпақты саймен өтеді, таудан оңға солға көптеген бұлақтар ағады, олар қосылып, Жел Қарқарадан төменірек Қарқарамен бірігетін... өзенін құрайды. Өзен оңтүстік батыстан солтүстік-шығысқа қарай ағады. Бұл бұлақтардан ары, сай табанында (2 шақырым жерде) көл бар, жаздың ыстық күндері ол құрғап кетеді. Көлден қазақтар Ертіс қазы деп атайтын құсты көрдік. Бұлардың түсі ақсұр, басы ақ, екі көлденең қара сызығы бар, мойнының жоғарғы жағы мен төменгі жағында, бүйірінде жіңішке ақ жолақтар бар. Бұл құстың қанаты қара, аяқтары сары, тұмсығы да сары. Тау қазысы үй қазынан кішкене, ал гагадан үлкенірек келеді. 

 Көлден екі шақырым жерден Түп өзені өтеді. [Бұл арада] Түп оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа (шығыс оңтүстік шығыстан батыс солтүстік батысқа) ағады. Түп өзені барынша жылдам, түбі тасты, жағалауы талдармен, шырғанақ, балғынмен (сексеуілдің бір түрі) көмкерілген. Өзенде балық кездеседі. Біздің казактар шабаққа ұқсайтын балық аулап алды. Қазақтар оны сазан деп атайды. Түп өзенінің сағасына қарай балық көп деседі.

 Түп Ыстықкөлге құяды. Түптің ағысын бойлай Таспа деп аталатын шыршаға бөккен аласа таулар тізбегі жатыр. ТаспаныңжанындаЫстықкөлгеқұятынЖырғалаңөзеніағыпжатыр.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу