«Біржан-Сара» айтысы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.
Пән: Қазақ әдебиеті Сабақ: 5 | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: | Атадан қалған асыл сөз | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Біржан-Сара» айтысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 9.А/И4. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -автор стильін анықтай алады; - шығармашылық жұмысты жаза алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің білетінім... Менің ойымша... Екінші жағынан... Мен ол мәселені мына жағынан қарастырғанды дұрыс көремін... Менің пайымдауым бойынша... | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Өз сөздік қорларын дамытады және грамматика мен пунктуация аспектілерін жақсартады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Сәлемдесу. Оқушылар түрлі-түсті таяқшаларды алу арқылы төрт топқа бөлінеді. Қызығушылықты ояту:
Берілген суреттер арқылы айтыскер екі ақын өздерін неге теңейді? Суреттерді сәйкестендіріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Топтық жұмыс 1-тапсырма. Кейіпкерлердің өздеріне берген бағасы қандай? Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, Біржан мен Сараға мінездеме беріңіздер. Біржан Бұл үйде Сара бар ма, келсін бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері?! Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, Ауылыңда Тұрысбектің өлер жері. Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын, Арғынның Алтай-Қарпық ақтаң кері. Барабар сөзі теңдес адам болса, Көңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері. Қырандай аспандағы желді күнгі, Дауысымның көтерілер шықса тері Болжаған жер шаршысын майталманмын, Жасымнан маған мәлім қыз не дері. Алтын менен күмістің, нақысындай, Міні жоқ бізден шығар сөз бедері. Шатыр тік, көк майсаға бір тайды сой, Кешікпей шықсын үйден болса өнері. Ақ иық, мұз балақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес. Сара Әй, Біржан, жасың үлкен, өзің аға, Қымбаттығым белгілі білсең баға. Қамысты терең көлдің сұқсырымын, Қаңғырған ілдірмеймін қаршығаңа. Сара ақын екеніне көзің жетпей, Осындай қайдан білдің қармануды-ай. Найманнан қарның тойып кетсең-дағы, Қоймайсың жылда келіп жалмануды-ай. Елу күн ғайып болған тоты құспын, Білмеймін әкеңнен де алдануды-ай. Өзіңді ат та қылдың, құс та қылдың, Жайымды адам күймен айтайын мен Өнерге екі жағым бәрі бірдей, Құр босқа бөгелемін келіспей нем. Арғымақ ғаялының артығы мен Он күндей тынбай шапсам бір алам дем. Өз басым ұрғашының қара тілі. Иран бақ бет бітісім қызыл гүлі.
2-тапсырма. « Біржан-Сара» айтысының бүгінгі таңдағы қыз бен жігіт айтысына тигізер әсері қандай? Осы тақырып барысында өз ойыңызды эссе түрінде беріңіз. (100-120 сөз) ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Кері байланыс «3-2-1» Сабақтағы 3 маңызды ақпарат Сабақта қиындық келтірген 2 мәселе Сабақта ұнаған 1 аспекті Үйге тапсырма: «Біржан-Сара» айтысын оқып келуге. | ( | |||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Оқушылардың өздігінен өзденіп жұмыс жүргізуіне ықпал етемін. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Сырттан бақылау арқылы, өз-өздерінің бірін-біріне бағалату арқылы тексеремін. | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс Өз бетімен топта тиімді жұмыс жасауға, өзін-өзі жетілдіру және дамыту қажеттілігін сезінуге ықпал етемін. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Біржан
Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес.
Сара
Қамысты терең көлдің сұқсырымын,
Иран бақ бет бітісім қызыл гүлі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?