Атадан қалған асыл сөз. Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.
Атадан қалған асыл сөз
Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай»А/И3. Көркем шығарманың тілі.
Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.
Бағалау критерийі
троп пен фигураның түрлерін ажырата алады;
шығармадағы әдеби тілді таниды;
Тілдік мақсаттар
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын,
сөздің тоқ етері,
«бетің бар, жүзің бар демейтін»,
«төбеден жай түскендей қойып қалу»,
«от ауызды, орақ тілді»
топқа бөлу.
Әрбір топ өздеріне берілген суреттер бойынша өздері білетін 1-2ақпарат айтады. Тілдік мақсаттағы сөздерді қолдану.
Қызығушылықты ояту:
Осы екі тұлғаны не байланыстырады?
Дұрыс нұсқасы
Бұқар жырау Қалқаманұлы «Әй, Абылай, Абылай»
Әй, Абылай, Абылай,
Жеңбеген жауың қалмады-ау,
Алмаған жерің аз қалды-ау.
Бетке алсаң әсте коймадың,
Алсаң тағы тоймадың,
Несібеңді елден ойладың.
Атаңды білмес кұл едің,
Ата-тегіңді сұраса,
Арқар ұранды жат едің,
Қай жеріңде төре едің?!
Жұлдызың туды оңыңнан,
Жан біткен ерді соңыңнан.
Он сан Алаш баласын
Жусатып қойдай өргіздін,
Жұмсап жүрсің қолыңнан.
Әй, Абылай, Абылай,
Он бір ғана жасыңда,
Әшейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде,
Әбілмәмбет төренің
Арқада жүріп қаңғырып,
Түйесін баққан құл едің.
Абылай атың жоқ еді-ау,
"Сабалақ" атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар,
Жаныс Қарабайдың қолында,
Түнде туған ұл едің.
Жиырма беске келгенде,
Бақыт қонды басыңа,
Тақыт келді астыңа.
Отызға әбден келгенде,
Кең дүниеге кенелдің.
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Соқтығып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде,
Алтын тонға жең болдың.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің бар баласын
Бастап өзің келдің де,
Аттарының бастарын
Бір кезеңге тіредің.
Алпыс жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң маужырап,
Жүнжіп барып соларсың.
Алпыс беске келгенде,
Әрбір атқа қонарсың.
Жұмсасаң балаң тіл алмай,
Қатының қарсы шабар ұялмай,
Көрген күнің сор болар.
Жетпіс жасқа келгенде,
Жаңылып сөзден қаларсың.
Жетпіс толған жел екен,
Шала ауырғанмен тең екен.
Жетпіс беске келгенде,
Жылуы болмас қойныңның,
Қауқары болмас сойылыңның,
Селкілдеп тірі жүрерсің.
Қатардан шығып аулақтап,
Жан құлазып қаларсың.
Сақал-шашың желкілдеп,
Мүжіліп әбден боларсың.
Әудем жерге жүре алмай,
Біреуге жүк боларсың.
Өлмесең де жойылдың,
Ар-аттаққа қойылдың.
Сексен деген сор екен,
Шындап ұрған пір екен.
Сексен бес жасқа келгенде,
Екі қара көзіңді алар,
Аузыңдағы сөзіңді алар,
Бойыңдағы әліңді алар,
Бетіңдегі нұрыңды алар,
Тәніңдегі шырынды алар,
Саудыратып тісіңді алар,
Өлмегенде не қалар?!
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен.
Қарғиын десең ұмтылып,
Екі жағың ор екен.
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне
Түпсіз терең көл екен,
Елсіз жатқан шөл екен,
Келмейтұғын неме екен.
Тапсырма
Осы үзіндіде қандай мәселе көтеріліп отыр?
Үзіндідегі троп пен фигураның түрлерін анықтаңыздар.
автор стиліне өзіндік пікір айтып баға беріңіздер.
Бағалау
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?