Атадан қалған асыл сөз. Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

Атадан қалған асыл сөз

Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай»

Оқу бағдарламасына сілтеме

А/И3. Көркем шығарманың тілі.

Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Оқу мақсаттары

Барлық оқушылар: көркем шығарманың тілін түсінеді;

Оқушылардың көбісі: құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигураның) түрлерін ажыратады;

Оқушылардың кейбірі: құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді.

Бағалау критерийі

  • троп пен фигураның түрлерін ажырата алады;
  • шығармадағы әдеби тілді таниды;

Құндылықтар

Сөз өнерін ұлттық құндылық тұрғысынан дәріптеу

Тілдік мақсаттар

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын, сөздің тоқ етері, «бетің бар, жүзің бар демейтін», «төбеден жай түскендей қойып қалу», «от ауызды, орақ тілді» т.б.

Алдыңғы білім

Бұқар жырау «Тілек»

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды 4 түрлі сурет арқылы 4 топқа бөлу. Әрбір топ өздеріне берілген суреттер бойынша өздері білетін 1-2ақпарат айтады. Тілдік мақсаттағы сөздерді қолдану.

Қызығушылықты ояту:

Осы екі тұлғаны не байланыстырады?

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, критерийлермен және күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Бұқар жырау мен Абылай хан туралы ақпараттар

https://surak.baribar.kz/617830/

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%B9_%D1%85%D0%B0%D0%BD

Сабақтың ортасы

30 минут

1-тапсырма ТЖ

Әр топқа троп (құбылту) пен фигураның (айшықтау) түрлері шашыратып беріледі. Оқушылар топпен троп пен фигураның түрлерін екі бағанға топтастырады.

Топтастырып болған соң, слайдтан дұрыс нұсқасы көрсетіліп, топтар бір-бірін бағалайды.

Троптың (құбылтудың) түрлері

Фигураның (айшықтаудың) түрлері

МЕТАФОРА

(ауыстыру, гр.көшіру)

АРНАУ

(жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау)

КЕЙІПТЕУ

(олицетворение)

ҚАЙТАЛАУ

(жай қайталау, еспе қайталау, анафора, эпифора)

ПЕРНЕЛЕУ

(аллегория, құбылу)

ШЕНДЕСТІРУ

(антитеза,

гр.қарама-қарсылық)

АСТАРЛАУ (символ, гр.шартты белгі)

ДАМЫТУ

(градация,лат.бірден-бірге күшейте беру)

АЛМАСТЫРУ

(метонимия, гр.қайтадан атау)

ИНВЕРСИЯ

(сөз орнын ауыстыру, лат.орын өзгерту, төңкеру)

МЕГЗЕУ

(синекдоха, гр.арақатысын ашу)

ЭЛЛИПСИС

(сөз тастап кету, гр.түсіріп тастау, аттап айту)

КЕКЕСІН

(ирония, гр.келемеждеу)

ЕГІЗДЕУ

(параллелизм, гр.қатар жүру, қанаттасу)

МЫСҚЫЛ

(сарказм, гр.масқаралау)

ҰЛҒАЙТУ

(гипербола, гр.үлкейтілген, қомақты)

КІШІРЕЙТУ

(литота, гр.қарапайым, қораш)

ӘСІРЕЛЕУ

(гротекс, фр.оқыс, оқшау, оспадар)

2-тапсырма ЖЖ (әрбір топтағы оқушылар жұптасады)

Жұптарға Бұқар жыраудың «Әй, Абылай, Абылай» өлеңінің мәтіні (бес бөлікке бөлінген) бөліп таратылып беріледі.

Әй, Абылай, Абылай,

Жеңбеген жауың қалмады-ау,

Алмаған жерің аз қалды-ау.

Бетке алсаң әсте коймадың,

Алсаң тағы тоймадың,

Несібеңді елден ойладың.

Атаңды білмес кұл едің,

Ата-тегіңді сұраса,

Арқар ұранды жат едің,

Қай жеріңде төре едің?!

Жұлдызың туды оңыңнан,

Жан біткен ерді соңыңнан.

Он сан Алаш баласын

Жусатып қойдай өргіздін,

Жұмсап жүрсің қолыңнан.

Әй, Абылай, Абылай,

Он бір ғана жасыңда,

Әшейін-ақ ұл едің.

Он бес жасқа келгенде,

Әбілмәмбет төренің

Арқада жүріп қаңғырып,

Түйесін баққан құл едің.

Абылай атың жоқ еді-ау,

"Сабалақ" атпен жүр едің.

Оны да көрген жерім бар,

Жаныс Қарабайдың қолында,

Түнде туған ұл едің............

(жалғасы төменде)

Сұрақ:

  • Осы үзіндіде қандай мәселе көтеріліп отыр?
  • Үзіндідегі троп пен фигураның түрлерін анықтаңыздар.
  • автор стиліне өзіндік пікір айтып баға беріңіздер.

БАҒАЛАУ:

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Балл

троп пен фигураның түрлерін ажырата алады;

1

ТЖ

троптың түрлерін анықтады;

фигураның түрлерін ажыратты;

11

7

шығармадағы әдеби тілді таниды;

2

ЖЖ

құбылту мен айшықтаудың түрлеріне талдау жасай алды;

автор стиліне өзіндік пікірін айтып баға берді;

сөз саптауы орынды.

1

1

1

Барлығы

21

ТРОП

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%80%D0%BE%D0%BF

Троптың түрлері

https://lektsii.com/1-51554.html

ФИГУРАНЫҢ ТҮРЛЕРІ

https://prezi.com/-7uec4esiq4y/presentation/

«Әй, Абылай, Абылай» өлеңі

http://bilim-all.kz/olen/3237-Ai-Abylai-Abylai

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс

«Өте жақсы»

Не үшін? Себебі.....

«Жақсы»

Не үшін? Себебі......

«Орташа»

Не үшін? Себебі.......

Сабақтағы іс-әрекетке кері байланыс

Қызықты

Қызықсыз

Қызықты болу үшін ұсыныс

Оқу материалы-ның мазмұнына кері байланыс

Түсіндім

Түсінбедім

Түсінгім келеді.......

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз.

Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Әрбір топқа берілетін кесте

Троптың (құбылтудың) түрлері

Фигураның (айшықтаудың) түрлері

МЕТАФОРА

(ауыстыру, гр.көшіру)

АРНАУ

(жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау)

КЕЙІПТЕУ

(олицетворение)

ҚАЙТАЛАУ

(жай қайталау, еспе қайталау, анафора, эпифора)

ПЕРНЕЛЕУ

(аллегория, құбылу)

ШЕНДЕСТІРУ

(антитеза,

гр.қарама-қарсылық)

АСТАРЛАУ (символ, гр.шартты белгі)

ДАМЫТУ

(градация,лат.бірден-бірге күшейте беру)

АЛМАСТЫРУ

(метонимия, гр.қайтадан атау)

ИНВЕРСИЯ

(сөз орнын ауыстыру, лат.орын өзгерту, төңкеру)

МЕГЗЕУ

(синекдоха, гр.арақатысын ашу)

ЭЛЛИПСИС

(сөз тастап кету, гр.түсіріп тастау, аттап айту)

КЕКЕСІН

(ирония, гр.келемеждеу)

ЕГІЗДЕУ

(параллелизм, гр.қатар жүру, қанаттасу)

МЫСҚЫЛ

(сарказм, гр.масқаралау)

ҰЛҒАЙТУ

(гипербола, гр.үлкейтілген, қомақты)

КІШІРЕЙТУ

(литота, гр.қарапайым, қораш)

ӘСІРЕЛЕУ

(гротекс, фр.оқыс, оқшау, оспадар)

Бұл сөздерді әрбір топқа жеке-жеке қиып таратасыз.

Әй, Абылай, Абылай,

Жеңбеген жауың қалмады-ау,

Алмаған жерің аз қалды-ау.

Бетке алсаң әсте коймадың,

Алсаң тағы тоймадың,

Несібеңді елден ойладың.

Атаңды білмес кұл едің,

Ата-тегіңді сұраса,

Арқар ұранды жат едің,

Қай жеріңде төре едің?!

Жұлдызың туды оңыңнан,

Жан біткен ерді соңыңнан.

Он сан Алаш баласын

Жусатып қойдай өргіздін,

Жұмсап жүрсің қолыңнан.

Әй, Абылай, Абылай,

Он бір ғана жасыңда,

Әшейін-ақ ұл едің.

Он бес жасқа келгенде,

Әбілмәмбет төренің

Арқада жүріп қаңғырып,

Түйесін баққан құл едің.

Абылай атың жоқ еді-ау,

"Сабалақ" атпен жүр едің.

Оны да көрген жерім бар,

Жаныс Қарабайдың қолында,

Түнде туған ұл едің.

Жиырма беске келгенде,

Бақыт қонды басыңа,

Тақыт келді астыңа.

Отызға әбден келгенде,

Кең дүниеге кенелдің.

Отыз беске келгенде,

Қара судың бетінде

Соқтығып аққан сең едің.

Қырық жасқа келгенде,

Алтын тонға жең болдың.

Қырық беске келгенде,

Жақсы-жаман демедің.

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің бар баласын

Бастап өзің келдің де,

Аттарының бастарын

Бір кезеңге тіредің.

Алпыс жасқа келгенде,

Жақсы болсаң толарсың,

Жаман болсаң маужырап,

Жүнжіп барып соларсың.

Алпыс беске келгенде,

Әрбір атқа қонарсың.

Жұмсасаң балаң тіл алмай,

Қатының қарсы шабар ұялмай,

Көрген күнің сор болар.

Жетпіс жасқа келгенде,

Жаңылып сөзден қаларсың.

Жетпіс толған жел екен,

Шала ауырғанмен тең екен.

Жетпіс беске келгенде,

Жылуы болмас қойныңның,

Қауқары болмас сойылыңның,

Селкілдеп тірі жүрерсің.

Қатардан шығып аулақтап,

Жан құлазып қаларсың.

Сақал-шашың желкілдеп,

Мүжіліп әбден боларсың.

Әудем жерге жүре алмай,

Біреуге жүк боларсың.

Өлмесең де жойылдың,

Ар-аттаққа қойылдың.

Сексен деген сор екен,

Шындап ұрған пір екен.

Сексен бес жасқа келгенде,

Екі қара көзіңді алар,

Аузыңдағы сөзіңді алар,

Бойыңдағы әліңді алар,

Бетіңдегі нұрыңды алар,

Тәніңдегі шырынды алар,

Саудыратып тісіңді алар,

Өлмегенде не қалар?!

Тоқсан бес деген тор екен,

Дүйім жанның қоры екен.

Қарғиын десең ұмтылып,

Екі жағың ор екен.

Найза бойы жар екен,

Түсіп кетсең түбіне

Түпсіз терең көл екен,

Елсіз жатқан шөл екен,

Келмейтұғын неме екен.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу