Бұқар жырау «Тілек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұқар жырау «Тілек»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

 Сабақ мақсаттары

Шығармадан алынған деректер арқылы автор рөліне талдау жасау;

Автордың пікіріне, өзгенің көзқарасына өзіндік бағасын беру;

 Бағалау критерийлері

Шығармадан алынған деректер арқылы автор рөліне талдау жүргізеді;

Автор пікіріне өзгенің көзқарасымен салыстыра отырып өзіндік бағасын береді;

 Құндылықтарды дарыту

 

• Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

• Құрмет

• Ынтымақтастық

• Еңбек және шығармашылық

• Ашықтық

• Академиялық шыншылдық

• Өмір бойы білім алу

• Әлемдік азаматтық

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, философия

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы бейнежазба тамашалайды, тапсырмалармен танысады.

Бастапқы білім

«Балаби мен Сырым»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу.
  • Назарын сабаққа аудару. Сынып оқушыларын шеңберге тұрғызып оң жақтағы көршісіне бір тілек айтқызу, тілек тілеудің маңызы мен мағынасы туралы сұрай отырып, сабақ тақырыбына болжау жасау. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
  • ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

15 мин

Шығарманың аудионұсқасын тыңдау, тыңдай отырып маңызды ақпаратты түртіп отыру.

№1 тапсырма

Топ құрамындағы оқушылардың әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F/ Дерек/ – шығармадан автор бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/– автор туралы өзінің ой- пікірі;

L /Сұрақ/– автор тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың өз көзқарасын білдіруде қолданған тәсілі .

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

Дескрипторлар:

Шығармадан деректер табады;

Автор тұлғасын ашатын сұрақтар құрады;

Автордың бейнесін анықтайды;

Автор турал өз пікірін білдіреді;

Бағалау. Бағалау критерийлері, дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.

№2 тапсырма

Р. Кенжемолдаевтың шығарма туралы талдау мақаласымен таныса отырып, түпнұсқамен салыстырады. Әр топ өзіне берілген тілек нөмірі бойынша жұмыстанып, топқа таныстырады. (Түпнұсқа да, мақала да оқушыларға таратпа материалдармен таратылады. )

Топ

Тілек нөмірі

Түпнұсқадағы үзіндісі

Мақаладағы үзіндісі

Оқушы пікірі

1

1,2,3

2

4,5,6

3

7,8,9

4

10,11

Дескрипторлар:

Автор пікірін түсінеді;

Бағалай алады;

Өзіндік көзқарасын білдіреді;

Өзгенің пікірін саралайды;

Бағалау. Бағалау критерийлері, дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=Z1AZbb439h8

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

«4 күйім» әдісімен кері байланыс жүргізу.

Оқушы сабақ барысындағы өзінің 4 күйіне баға береді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралаудың тереңдету қағидасы оқушыларға түпнұсқамен қатар, мақала арқылы өзгенің көзқарасымен таныса отырып, өзқіндік пікірін айтқызу арқылы жүзеге асады.

Оқушылар нақты критерийлер мен дескрипторларға сүйене отырып, өзөздеріне, өзге топтарға баға береді.

Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады. Кабинеттегі үстелдер мен орындықтар оқушылар үшін жайлы орналастырылған, кабинет желдетіліп, жарықпен қамтамасыз етілген.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу