Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал.
Ай, Абылай, Абылай,Сені мен көргенде,Тұрымтайдай ұл едің,Түркістанда жүр едің,Әбілмәмбет патшағаҚызметкер болып тұр едің.Қалтақтап жүріп күнелтіп,Үйсін: Төле билердің -Түйесін баққан құл едің!Сен жиырма жасқа жеткен соң,Алтын тұғыр үстіндеАқ сұңқар кұстай түледің.Дәулет құс қонды басыңа,Қыдыр келді қасыңа,Бақ үйіне түнедің!Алыстан тоят тіледің,Қылышыңды тасқа біледің!Алмаған жауың қоймадың,Алғанменен тоймадың!Несібеңді жаттан тіледің!Уа, сен Қанжығалы:Бөгенбай,
Тақымың кеппес ұры едің,Түн қатып жаңа (және) жүр едің.Қабанбайдан бұрын найзаңдыҚай жерде жауға тіредің?!Абылай-ау, Абылай,Момынға келіп бек болдың,Атаңды білмес құл едің.Атаң тегін сұрасаң,Арқар ұранды жат едің,Қай жеріңде төре едің?!Қарсы менен ҒұзардаЖалаң аяқ жар кешіп,Бөз тоқыған сарт едің.Шешеңді және сұрасаң,Қай алтынның буы еді?!Оны да мен білуші ем,Түрікпеннің төріндеҚашып жүріп күнелткенМәскеудің қара күңі еді.Жұлдызың туды-ау оңыңнан,Жан біткен еріп соңыңнан.Он сан Алаш баласынАузыңа Құдай қаратып, Жусатып тағы өргізіп,Жұмсап бір тұрсың қолыңнан!Ақтан болды-ау күніңіз,Ғаршы менен КүрсігеДау таласты үніңіз!Өзің болған күніңдеБір-бір көшеге сыймайдыАзаткер де құлыңыз!Ашуланба, Абылай,Ашуланба, Абылай,Көтерермін, көмермін.Көтеріп, қазға салармын.Өкпеңменен қабынба,Өтіңменен жарылма!Басына мұнша көтергенЖұртыңа жаулық сағынба!Күнінде мендей жырлайтынТоқсан үште қарияЕнді саған табылмас! // Бұқар Жырау
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған.
Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған.Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі Қытай мен Ресей аты қос алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасаған. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баһадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі ? жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттелген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?