«Біржан - Сара» айтысы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Атадан қалған асыл сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Біржан - Сара» айтысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж.9.1.3.1. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.

 Сабақ мақсаты

Шығарманың идеясына байланысты кейіпкерлер бейнесін анықтау.

 Бағалау критерийлері

Берілген үзінділерді қолданып, кейіпкерлер бейнесін анықтайды.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және адамгершілік жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу, әлемдік азаматтық

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды төрт топқа бөлу.

Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

5 минут

1-тапсырма.

Топтарға «Біржан-Сара» айтысы туралы мәліметтер беріледі. Әр оқушы жеке танысып, оқылған мәліметтерді ИНСЕРТ кестесіне толтырып жазады.

Таныс ақпарат

Жаңа мәлімет

Қызықты ақпарат

Түсініксіз тұстар

Қосымша білгім келеді

Дескрипторлар:

  • Мәтін мазмұнын саралай алады;
  • Қажетті мәліметтерді іріктеп жаза алады;
  • Өзіндік пікір қоса алады.

Кері байланыс: Өзара топтық бағалау. Әр топ бір-бірін топтық жұмыстан кейін ауызша бағалайды. Мәліметтерді «Түртіп алу» әдісі арқылы жазып отырады.

2-тапсырма.

І топ

“Попс формуласы” арқылы берілген мәтінге қысқаша баяндау жасау қажет.

Біздің ойымызша...

Себебі, біз оны былай түсіндіреміз...

Оны біз мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламыз...

Осыған байланысты біз мынадай шешімге келдік...

Есімбек боққа сатпа асылыңды,

Сыйлай көр қыз да болса нәсіліңді.

Ұқпасаң Арғын жоқты айтты дерсің

Есеке, құлағыңа ал осынымды.

Тұрысбек, Есімбекпен сау тұр Маман,

Таянды қайтар уақытым елге таман.

Айналып, ендігі жыл бір келермін,

Тысқары топырақтан болсам аман.

Сараны, Жиенқұлға бере көрме,

Қыз түгіл ер құнына келер шамаң.

Байлаулы бала құстай Сара сорлы,

Жоқ екен осы күнде мұнан жаман.

ІІ топ

«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы тапсырма орындаңыз.

Пікір. Берілген үзінді бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

Тақсыр ау, күні құрсын ұрғашының,

Билігі болмайды екен бір басының.

Тері терсек берген соң ит те алады,

Пұлындай берекесіз арбашының...

Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,

Он мата арқасына тыққандай ақ.

Көрмейсіз неге менің көз жасымды,

Жеңбек боп Біржан солай сөз қашырды.

Жиылған Қаптағайдың жақсылары,

Басқаға айырып бер өз басымды.

ІІІ топ

«Идеяны суретте». Сараның өз бейнесін сипаттауы

Найманда екі жүзді наркескенмін,

Желкенді қимақ үшін қойған саптап.

Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес,

Болатпын екі жүзді алмас кеспес.

Қамысты терең көлдің сұқсұрымын,

Қаңғырған ілдірмеймін, қаршығаға.

Міні жоқ, отыз тісім меруерттей,

Ерінбей тіздіргендей адамзатқа.

Мойыным сұңғағындай жүзген қудың

Лебізім шырынындай шәрбат судың.

(наркескенмін, жалынмын, болатпын, терең көлдің сұқсырымын, тісім меруерттей)

ІV топ

«Кластер». Біржанның өз бейнесін сипаттауы

Қырандай аспандағы желді күнгіБолжаған жер шаршысын майталманмынЖелқобыз, жез тағалы еңіреумінАйнымас қанды балақ ақиықпынҰшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмынСайраған  орта жүздің бұлбұлымын

Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,

Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес.

Жорғамын сарынымен самғайтұғын,

Бәйге аты серпінімді шалмайтұғын.

(қыранмын, майталманмын, ақиықпын, ақ тұйғынмын, бұлбұлмын, мұзбалақпын)

Дескрипторлар:

  • Берілген үзінділерді қолданады;
  • Кейіпкерлер бейнесін анықтайды;
  • Жылдам және шешен жауап бере алады.

Кері байланыс: Өзара топтық бағалау. Әр топ бір-бірін топтық жұмыстан кейін ауызша бағалайды.

Қорытындылау.

«Кезбе тілші» әдісі арқылы топ мүшелері келесі топтарға сұрақтар қояды.

1. «Біржанның өзге ауылда жүре тұра, оның беткеұстар ақын-қызының әкесін, күйеуін кемсітуі мақсатты әрекет пе, әлде шалыс басу ма?»

2. «Сараның атам заманнан келе жатқан дәстүрдің бірі – атастыруға өз өнерімен қарсылық білдіруі әділетсіздікке қарсы күрес пе, әлде бұзақылық па?»

3. «Айтысты тамашалаушы ауыл тұрғындарының айтыскерлердің оларға сілтеген айыптарына наразылық білдірмеуі момындық па, әлде өнер алдында бас июі ме?»

4. Біржан Сараның қандай осал тұсынан ұстайды? Қалай ойлайсыңдар, ол Сараның бойындағы кемшілік пе?

5. Қазіргі айтыстың тәрбиелік мәні бар ма?

6. Айтыстың болашағы туралы болжауың?

Сабақтың соңы

5 минут

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу