Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал.


Талдап білу

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанынан үзінділерді, А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба», Ш.Құдайбердиевтің «Адамдық борышың» өлеңдерін кезекпен дауыстап оқып және бір- біріңіздің оқылымдарыңызға қысқаша сипаттама беріңіз.

Талқылаушы - шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып талқылайды.

Белгілеуші – шығармалардың тарихи құндылығы бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы- шығармалардан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады.

Топ шешені- шығармалар мазмұнына сәйкес елдік,ерлік туралы мақал-мәтел айтады.

Қорытындылаушы- Ж.Баласағұн, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев шығармаларының тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді.

Бұрыш

Қабырғада ілініп тұрған тұжырымдарды аралап оқыңыз. Өзіңіз талқылауға лайықты деп тапқан тұжырым тұсында қалып, сыныптастарыңызбен топтасыңыз.

Таңдаған тұжырым бойынша «Құтты білік» дастанының тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, талдау жүргізіңіз.

1-бұрыш: Шығыс зерттеушісі В.В. Бартольд Жүсіп Баласағұн дастанына көңіл бөліп, оның маңызын ерекші атаған. Онда парсының дидактикалық әдебиетінің әсері бар және автор жергілікті түрік халықтарының нақыл сөздерін, ауыз әдебиетінің образдарын жақсы пайдаланған деп көрсетті.

2-бұрыш: Ескерткіштің тілі турасында да Бертельс өз пікірін айқан. «Құтты білік» дастанын зерттеуші ғалымдар оның тілін шартты түрде ұйғыр тілі деп атап жүр. Дұрысы, оның тілі түрік тілдерінің шығыс тобына жатады, яғни қазіргі өзбек, қазақ, қырғыз тілдеріне жақындығы бар, бірақ түрікмен және азербайжан тілдеріне жақын емес дейді зерттеуші.

3-бұрыш: «Құтты білік»дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Жүсіп әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.

Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.

Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.

4-бұрыш: Жүсіп әсіресе халық ауыз әдебиеті үлгілерін барынша мол пайдаланғаны дастандағы кісі аттары, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздерден де көрінеді. Мысалға алар болсақ: қазақтың «Сөздің көркі – мақал», «Ауру қалса де, әдет қалмайды», «Қартайғанда дәулет бер, жастығымда бейнет бер», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» деген секілді мақал-мәтелдердің арғы төркіні тым алыста жатқандығынан хабар береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу