Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.
Дидактикалық материалдар
Тұжырым жасаңыз .
Кейіпкерлерді сәйкестендіріңіз.
Әділдік | уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш |
Бақ-дәулет | уәзірдің баласы Ұғдүлміш |
Ақыл-парасат | Патшаның уәзірі Айтолды |
Қанағат | Күнтуды |
Топтық жұмыс.
1-топ
«Құтты білік» дастанындағы ғұлама ұсынған әділет, дәулет, ақыл, қанағат әлемдегі төрт құндылықтың мәнін ашатын төрт кейіпкердің түркі халықтарының нағыз тұлға идеалы деп айтуға болады. Неге? Шығармадан дәлел келтіре отырып,жауап әзірлеңіздер. Жауаптарыңыз шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігінде көрініс табады?
2-топ.
Төрт «діңгек» өлшемдік қағида «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы. Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат дара болып дүниеге тұтқа бола алмайды, адамды бақытты ете алмайды. Неге? Шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, дәлелдеңіздер. Жауаптарыңыз шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігінде көрініс табады?
3-топ.
Ойшыл ақын елдің бұл өмірде бақытының бастауы хан екендігін шығармасына таңдаған төрт кейіпкердің бейнелері арқылы ұқтырады. Онда қоғамға қажет әділдік (патша), бақ-дәулет (патша уәзірі),ақыл-парасат (патша уәзірінің баласы), қанағат-ынсап (патша уәзірінің туысы)- бәрінің бастау-қайнары- хан. Неге? Шығарма сюжеті бойынша ойыңызды дәлелдеңіздер. Жауаптарыңыз шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігінде көрініс табады?
4-топ.
Шығарманың басыт мәселесі кейіпкерлердің басынан өткен оқиға ма, әлде қаһарман арқылы айтылатын өсиет,ғибрат сөздері мен сұрақ –жауаптары ма? ойыңызды шығарма сюжеті арқылы дәлелдеңіз. Жауаптарыңыз шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігінде көрініс табады?
Бағалау.
«Оң жағы, теріс жағы» әдісі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?