Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні: 1- сабақ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9Т1

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар саны:

Бөлім

1-бөлім: Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау

Оқу мақсаттары

Оқушылардың барлығы сюжеттік талдау жасайды

Оқушылардың көбі сюжеттік-композициялық талдау жасайды

Оқушылардың кейбірі терең сюжеттік –композициялық талдау жасайды

Бағалау критерийі

  • Сюжетіне түсінік береді
  • Композициясына талдау жасайды

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: «Құтты білік» дастаны бойынша

өзіндік көзқарасын білдіруде шығармаға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: Түркі мәдениеті, ұлағатты әдеби ескерткіш, «Құтты білік» дастаны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшћүр болған данышпан ойшыл, ұлы  хас-хажиб

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Алдыңғы білім

«Құтты білік» шығармасын оқып келу

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Сынып оқушыларын қызыл, жасыл, ақ,көк түсті карточкалар арқылы топқа бөліп аламыз.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен таныстыру

Қызығушылықты ояту:

  • 4 суретті біріктіріп, бір тұжырым жасаңыз.
  • Неге ондай тұжырымға келдіңіз?

Сабақтың ортасы

5 мин

20 мин

Мағынаны ажырату

С. Оқушылар «Құтты білік» дастанының қысқаша мазмұнымен (фабуласымен) танысады.

Ж

Оқушы тапсырманы жеке орындайды.

Тапысрма.

  • Шығармадағы кейіпкерлерді сәйкестендіріңіз.

Әділдік

уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш

Бақ-дәулет

уәзірдің баласы Ұғдүлміш

Ақыл-парасат

Патшаның уәзірі Айтолды

Қанағат

Күнтуды

Шығарам сюжеті қандай тәсілге құрылған?

А. Төрт кейіпкердің тікелей әрекеттеріне байланысты құрылған

В. Ертегі элементтерін кірістіре отырып құрған

С. Ешқандай сюжет жоқ, философиялық ойларға құрылған

Т

Оқушылар тапсырманы топта жасайды.

1-топ

«Құтты білік» дастанындағы ғұлама ұсынған әділет, дәулет, ақыл, қанағат әлемдегі төрт құндылықтың мәнін ашатын төрт кейіпкердің түркі халықтарының нағыз тұлға идеалы деп айтуға болады. Неге? Шығармадан дәлел келтіре отырып,жауап әзірлеңіздер. Жауаптарыңыз шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігінде көрініс табады?

2-топ.

Төрт «діңгек» өлшемдік қағида «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы. Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат дара болып дүниеге тұтқа бола алмайды, адамды бақытты ете алмайды. Неге? Шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, дәлелдеңіздер. Жауаптарыңыз шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігінде көрініс табады?

3-топ.

Ойшыл ақын елдің бұл өмірде бақытының бастауы хан екендігін шығармасына таңдаған төрт кейіпкердің бейнелері арқылы ұқтырады. Онда қоғамға қажет әділдік (патша), бақ-дәулет (патша уәзірі),ақыл-парасат (патша уәзірінің баласы), қанағат-ынсап (патша уәзірінің туысы)- бәрінің бастау-қайнары- хан. Неге? Шығарма сюжеті бойынша ойыңызды дәлелдеңіздер. Жауаптарыңыз шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігінде көрініс табады?

 

 4-топ.

Шығарманың басыт мәселесі кейіпкерлердің басынан өткен оқиға ма, әлде қаһарман арқылы айтылатын өсиет,ғибрат сөздері мен сұрақ –жауаптары ма? ойыңызды шығарма сюжеті арқылы дәлелдеңіз. Жауаптарыңыз шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігінде көрініс табады?

Бағалау критерийі:

  • Сұрақтарға жауап береді
  • Шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдейді
  • Композициялық құрылымын анықтайды

Бағалау

Өзара бағалау. «Оң жағы, теріс жағы» әдісі

Кері байланыс. Мұғалім оқушыларға төменде берілген сұрақтар арқылы кері байланыс береді

Не жақсы болды?

Нені жақсарту керек?

Қалай жақсартамыз?

https://kitap.kz/audiobooks/qutty_bilik_jusip

«Құтты білік» аудио мәтін

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

  • Оқу мақсатына жету сізге оңай болды ма әлде қиын болды ма?
  • Оқу мақсатына жету үшін қандай іс-әрекеттер жасадыңыз?
  • Сізге нені жетілдіру қажет?
  • Сізгі көмектің қай түрі қажет?

Үй тапсырмасы:

«Құтты білік» шығармасындағы білім,ақылға байланысты тұстарын қайта оқып шығу.

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Мемлекеттік тілге сұранысты арттырудағы қазақ тіліндегі интернет ресурстардың рөлі

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу