Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, нұсқаулық. 3-сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Тапсырмаларды ұйымдастыру барысында төменде берілген мәтінді қолдана аласыз. Композициялық-сюжеттік талдау бойынша оқушыларға тапсырмалар беруде қолдануға болады. Қалай талдайды? Неге назар аудару керек? Нені айту керек? деген сұрақтарға төмендегі мәтіннен жауап ала аласыз.

Композиция мен сюжет. Композиция әдебиеттану ғылымындағы мазмұны терең теориялық ұғым. Композиция дегеніміз – көркем шығарманың құрылысы деген сөз. Көрем шығармада негізінен бейнеленетін – адамдардың өзара қарымқатынасы, әрекеті. Композиция – шығарманың сюжеттікбаяндауыштық жағымен бірге, оның бейнелілік бітімін, характерлер сипатын толық қамтитын ұғым. Оның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу де жатады. Осы ісәрекеттер сюжет құрайды да, кейіпкердің мінезсипатын, қимыләрекетін, мақсатмүдесін, танытады. Композициядағы маңызды мәселе – компоненттерді орналастырудағы жүйелілік. Автордың алғашқы кезекте қай мәселені, екінші кезекте не жайында айтпақшы болғаны, нені бөлшектеп, суреттейтіні де белгілі мақсатқа бағындырылады.

Сюжетті эпикалық шығармалардың құрылымында жиі ұшырасатын композициялық бөлшектің бірі – лирикалық шегініс. Бұл детальдің неге эпикалық шығармаға тән екенін былайша түсіндіруге болады. Драмалық шығармаларда авторлық баяндау жоқ. Лирикалық шығармада автордың әр алуан көңілкүйі беріледі. Лирикалық шегініс дегеніміз – эпикалық шығарма авторы ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі. Лирикалық шегініс арқылы:

- қаламгер кейіпкерлер мен олардың әрекеттеріндегі өзінің пайымынша ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын аударып, мәтін әсерлілігін күшейтеді;

- бір кейіпкерге бағытталған оқиғаның басқа кейіпкерлерге де қатысты екенін көрсетеді;

- автор өз шығармасының сипатболмысын хабарлайды.

Мәтіннің мазмұнын тереңдетіп, идеясын кеңейту үшін қаламгер кейде композициялық тәсілдердің бірі – оқшау эпизодтарды қолданады. Оқшау эпизодтар деп, мәтінде баяндалатын негізгі оқиғаға тікелей қатысы жоқ жанама көріністердің суреттелуін айтамыз. Кейде бұлар лирикалық шегініс секілді мәтіннің идеясын, пафосын түсіндіру үшін қолданылады. Көркемдік ишаралау – композициялық бөлшектердің бірі. Қаламгер өзі суреттеп отырған құбылыстың мәнмаңызын мейілінше ашу үшін, сол оқиғаларға кейбір сипаттары үйлесетін үзік, эпизодтарды енгізеді. Сол сияқты қаламгер алда болатын оқиғаны барынша терең түсіндіру үшін оны алдын ала соған іштей ұқсас көріністер арқылы аңғартатын тәсілдерді қолданады. Мәселен, М.Әуезовтің “Қорғансыздың күні” әңгімесінде Ақан мен Қалтай жолда келе жатқанда, олардың ниетпиғылынан хабар беретіндей Күшікбай кезеңі аңызы беріледі. Табиғаттың сұрғылт кезіне, Күшікбай аңызы қосылып, алдағы трагедиялық оқиғаның болатынын аңғартады. Бұл көркемдік аңдату болады.

Сюжет – эпикалық, драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиғаның дамуы. Сюжет тарихиәлеуметтік мәнге ие. Сондықтан, сюжетті қарастыру үстінде, шығарманың негізінде қандай қоғамдық тартыс жатқанын және оның қандай ұстаным тұрғысынан бейнеленгенін айқындап алу керек. Сюжетте қаламгердің жазу шеберлігі көрінеді. Сюжет толыққанды шығу үшін ол тиянақталып, тартыстың даму сипаттары, себепсалдарлары, оқиға дамуындағы әрбір эпизод айқын, көркем ашылу керек. Эпикалық шығармалардың бөлімдерге, тарауларға бөлінуі, автор немесе кейіпкер атынан баяндалуы композицияға қатысты. Жанры әр түрлі формадағы мәтіннің композициясын оқыту көркем шығарма табиғатын таныпбілуге үйретеді. Көркем шығарманың композициясын танытудағы мақсат – шығармадағы негізгі ойпікірді, идеялық мазмұнды ұғындыру. Мектептің төменгі сыныбында көркем шығарманың құрылысы ең жеңіл ұғыммен танытыла бастайды. Мұғалімнің басты міндеті – көркем мәтіндегі оқиғалардың байланыса дамуына назар аударту.

Оқырман көркем мәтінді алғаш оқығанда, оның жалпы фабуласын қабылдайды. Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығармада суреттелетін әрбір әрекеттің, құбылыстың мәніне тереңдей үңіліп, соның нәтижесінде сюжет туралы түсінік қалыптасады. Осы тұрғыдан келгенде, фабуланы болған оқиға деп, сюжетті сол оқиғаның оқырманға көркемделіп жеткен түрі деуге болады.

Қаламгер пайдаланған дайын фабулалар сюжетке айналған кезде, көркемдік өзгеруге ұшырайды. Алдымен, дайын фабулалар өмірдегі нақты оқиғаларға негізделген шығармаларда жиі кездесуі ықтимал; екіншіден, бір қаламгердің жасаған фабуласы келесі жазушыда жаға сападағы сюжетке ұласуы мүмкін. Яғни, бір фабула әр жазушының стиліне байланысты түрлі сюжеттік сипатқа ие болады. Демек, мәтіннің көркемдік маңызы фабулаға емес, оның (фабуланың) шығармашылық түрде игерілген көркемдік жағының сюжетте тереңдетілуіне байланысты. Көркем шығарма сюжетінде бірнеше фабула желісіқамтылуы да мүмкін. Сюжет бір немесе бірнеше эпизодтан тұрады. Эпизод дегеніміз – мазмұнның бөлінбейтін ең кішкене бөлшегі. Әдебиеттану ғылымында композиция мен сюжеттің мәні ерекше. Ол белгілі бір идеяны береді. Композиция ұғымы көбіне, өлең, поэма, мысал сияқты жанрларға, ал сюжет әңгіме, повесть, роман сияқты жанрларға тән. Екеуінің ұқсастығы – олар шығарманың құрылысына байланысты формалар. Айырмашылығы – композиция автор ойы тікелей айтылатын лирикалық шығармаларға тән. Ал, сюжет автор ойы тікелей байқалмайтын прозалық жанрларға тән. Өлеңді шығарма немесе поэма көбінесе композициялық жағынан талданады. Ал, сюжетті поэмада композиция мен сюжет элементі ұштас талданады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу