Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 3-сабақ.
Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны
Оқу мақсаты:
9.А/И1.Эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау.
Бағалау критерийі:
Композициялық ерекшелігін анықтайды,автордың амалдарын қарастырады
Үзінділер арқылы автордың ойын,мақсатын талдайды
Академик А.Н.Кононов
«... Ақылдың, білімнің адам өміріндегі шешуші рөлі дастанның атауынан-ақ көрініп тұр. Сондықтан оның түгелдей дерлік мазмұнының өн бойында ғұлама оқушыны «игіліктің барлығы – ғылымда, ал ұлылық - танымда» деген ойға жетелеп отырады.Сонымен бірге ол «Құдатғу біліктің» авторы өзінің дидактикалық мақсаттарына халық даналығын, түркі халықтарының ақындық ауыз әдебиетін, мақалдарды, мәтелдерді, қанатты сөздер және тағы басқаларды кеңінен пайдаланады» - деп жазды
• Кононовтың айтқан пікіріне «Құтты білік» шығармасынан дәлел келтіре отырып,ойыңызды тарқатып айтыңыз.
• Шығарманың композициялық құрылымынан қандай ерекшелікті байқадыңыз?
•Тақырыптың өзектілігі неде?
• Шығарманың мақсаты қандай?
• «Құтты білік» дастанының құндылығы неде? Шығармада автор бұл туралы не айтады?
• «Төрт құбылаң тең болсын» дегенді қалай түсінесіздер? «Құтты білік» шығармасындағы төрт құбыланы атаңыздар. Ол нені білдіреді?
• Сіз атаған бір құбыла жоқ болса, қалай болар еді?
•
Берілген үзіндіде не туралы айтады?
4 кейіпкердің қайсысына тән? Неге?
Автор осы мәселені айту арқылы нені мақсат етеді?
Мақал-мәтелге айналған немесе ұқсас сөздер бар ма? Оған талдау жасаңыз
4 кейіпкерді диалогқа түсіру арқылы автор оқырманға қандай ой салады?
Үзінді
• 1-топ
Біліп айтқан сөз – білікті, саналар,
Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.
Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім,
Және сөйлеп және ештеңе өңбеді!
Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,
Бір сөзбен шеш түмән сөздің түйірін...
Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өн болсын,
Сөзің түпсіз қараңғыға, көз болсын!
Біліксіздер өзі нағыз басырдың,
Білім үйрен, надан, кӛзің ашылсын!
2-топ Ұл мен қыздың өнегесі ата-ана,
Бәрі бізден – дұрыс па, әлде қата ма,
Атасы – мен, бетім әрі қарады,
Ұлым-шикі. Кімге телмең қағады?!
Қақым болса, сіңсе ісім халыққа
Өтеуіне – баламды оңға бағытта.
Қамқор боп, сал өнер-білім соңына,
Қонар құт боп білікті ел қолына
3-топ.
Есті сөзді еске түйіп ал енді:
«Білген құлдан білікті жоқ әлемде!»
Әуелі - оқып, оны ойыңа өре біл,
Өзі-ақ келер сонсоң жазу өнері.
Надандықты құрта алмассың дәрімен,
Біліммен тек құтын қашыр әріден
4-топ.
Ұл-қыз кесір, болса ессіз, парықсыз,
«Өнегесі-ай әкенің!» - дер халықпыз...
Қатты тұтып, өсірсе ата баланы,
Өркені өсіп, бақ жұлдызы жанады.
Ұл-қызына үйрет білген білімді,
Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді.
Сонда, ұл-қызың адамдықтан таймайды,
Көңілі – таза, көзі шоқтай жайнайды!
Бағалау критерийі:
• Үзіндінің мазмұнын ашады
• Үзіндінің кімге тән екенін анықтайды
• Автордың ойын анықтайды
• Мақал-мәтелдерді табады, түсінік береді
• Композициялық құрылымның ерекшелігін түсіндіреді
Үйге тапсырма: «Құтты білік» шығармасының тілдік ерекшелігіне назар аударып оқып келу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?