Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» . Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

 Сабақ мақсаттары

Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығымен танысып, «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» шешендік сөзін шығармашылық жұмыста қолдану.

 Бағалау критерийлері

Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығын біледі;

«Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» шешендік сөзін түсініп, шығармашылық жұмыста қолдана алады.

 Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, ашықтық, құрмет, азаматтық патриотизм.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы пәнімен байланыста өтеді.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайдтар

Бастапқы білім

Жаңа бөлім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Оқушыларды түгендеу; кезекшімен жұмыс жүргізу; оқушылар назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту.

Ж. Семантикалық карта. Ауыз әдебиеті үлгілерін ажыратыңыз.

Дескриптор: Ауыз әдебиет үлгілерін біледі;

Кемінде бесеуіне толық жауап береді.

Мұғалім оқушыларға бағалау жүргізеді.

Мысалдар

мақал

ертегі

жұмбақ

Шешендік сөз

Кеудең тола бауыр болсын,

Арқаң қара нардай жауыр болсын.

+

Құстың жаманы –сауысқан, шөптің жаманы-шеңгел, адамның жаманы- мен емей немене?

+

Таңертең төрт аяқты

Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты

+

Сорқұдықтың басына

Сорға бола қонды атам.

+

Қасықтап жинағанды

Шөміштеп төкпе.

+

Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең,

Аулыңда ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең.

+

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

1-тапсырма. Ж. Оқушылар ББҮ кестесін толтырады. 1-бөлікке Қазыбек би жайында не білетінін, 2-бөлікке нені білгісі келетінін толтырса, соңғы бөлікті мәтінмен танысқаннан кейін ғана толтырады.

Дескриптор: Қазыбектің кім екенін біледі;

Талапқа сай кестені толтырады.

Саралау қағидасы: тереңдету

Дескрипторға сай өзара бағалау жүргізеді.

Мұғалімге нұсқаулық. Бұл кестеде үш бөліктен тұрады. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. 1-2-бөліктер сабақ басында, 3- бөлік мәтін оқылған соң толтырылады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін Болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ, дегенмен ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.

Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – “Жеті жарғыны” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.

Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда, Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық елшілік айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24 тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.

Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.

Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген.

2-тапсырма. Шешендік сөзбен танысып, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Дескрипторды әр топ өз тапсырмаларына сәйкес құрады.

Дескрипторға сай топтар бірін-бірі бағалайды.

Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?

Қаздауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігін өз құлағымен естіп, көз жеткізігісі келген бір білгір адам оған: Кім жақын? Не қымбат? Не қиын? деген үш сұрақты қатарынан қойса керек. Сонда Қазыбек би оған былай деп жауап қайырған екен деседі:

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын – қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын.

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың - шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын....

 

- Алтын ұяң – Отаның қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат,

Мейірімді анаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Ұят пен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат...

 

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқылаған сөз қиын,

Дәл осындай жағдайда,

Пана болмас өз үйің.

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен ор қиын,

Тентек болса ұл қиын,

Не істеріңді біле алмай

Ашиды сонда бас, миың.

1-топ. «Түсінемін» бөліміне мәтіннен түйгенін, «Анықтаймын» бөліміне нені түсінбегенін, яғни талқылауды, толықтыруды қажет ететін өзі үшін жаңа мәліметті жазады, «Байланыстырамын» бөлімінде өмірден мысал келтіреді, «Ықпал етемін» бөлімінде осы әрекетті не жақтайды, не даттайды, демек, я жаңғыртуға ықпал ететінін, я маңызды емес деп тапса, қолданғысы келмейтінін жазады, «Сенемін» бөлімінде дегенмен осы әрекеттің артықшылығын, келешектегі жайы туралы болжайды.

 Түсінемін

 

 Анықтай

 мын

 Байланыс

 тырамын

Ықпал етемін

 Сенемін

 

 

 

 

2-топ. Оқушылар РАФТ кестесімен жұмыс істейді. Оқушы атынан Қазыбек биге хат жазыңыз (оқылған шығармамен байланыстың болуын ескеріңіз).

 Рөл

 Аудитория

 Формат

 Тақырып

Оқушы

 

 Қазыбек би

 хат

 Өзі таңдайды.

3-топ. 4 сөйлем әдісі арқылы оқыған шығармаңызды талдап жазыңыз.

Менің ойымша,

Себебін былай түсіндіремін...

Мына фактімен дәлелдей аламын...

Былай қорытамын...

4-топ. «Әдеби үйірме» стратегиясы

1- қадам: Оқушыларға мәтін беріледі.

2- қадам: Әр оқушыға қызмет түрі ұсынылады.

1-оқушы. Зерттеуші басты кейіпкердің мінезін, басты оқиғаны зерттейді.

2-оқушы. Баяндап беруші оқиғаның мазмұнын дайындайды.

3-оқушы. Сұрақтар құрастырушы әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар бойынша жайындайды. Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы қажет.

4-оқушы. Сілтемелер табушы әңгіменің тақырыбына сәйкес афоризмдер мен мәтелдерді табады.

5-топ. Дәнекер – негізгі идеялар мен мен оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстырады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D1%8B%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%B1%D0%B8

http://asylsoz.kz/kk/kim-jaqyn-ne-qymbat-ne-qiyn-787/

Сабақтың соңы

3 минут

«Сезімнен туған ойлар» стратегиясы

Мұғалім оқушының бүгінгі сабақ барысында алған әсерін, сонымен қоса, сабаққа деген ой – пікірін анықтау үшін «Сезімнен туған ойлар» әдісін қолдана алады.

1–қадам: 1 оқушыны тақтаға шығарып, сабақ туралы пікірін сұраңыз, бұл пікірді, рефлексияны, ауызша емес, тақтада сурет салып, яғни суреттің бір шағын бөлшегін ғана бейнелейтінін түсіндіріңіз.

2 –қадам: Басқа оқушылар кезек - кезек шығып, осы суретті жалғастыруы тиіс.

3–қадам: Нәтижесінде, қандай сурет салынғанын, осы суретке сәйкес қандай ой қорыту пайда болғанын алғашқы оқушының бастапқы пікірмен салыстырыңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралаудың тереңдету қағидасы оқушыны терең ізденуіне мүмкіндік береді. Тереңдету қағидасына құрылған тапсырмалар оқушылардың мәтінді шынайы өмірмен байланыстыра отырып, сабақ үстінде алған мәліметтеріне сүйеніп, жауап беруіне бағытталған.

Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға бақылау жасалып, қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Өзара, топтық бағалаулар жүргізіледі. Тиімді кері байланыс беріледі.

Сынып желдетілген, тазартылған. Техника, электр қауіпсіздігі сақталған. Жарықтың түсуі дұрыс бағытта. Сынып медициналық қобдишамен қамтылған.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу