Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» . Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.1- Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

 Сабақ мақсаттары

Шығарма мазмұнын бүгінгі күнмен байланыстырып, проблема туындату, идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, эссе жазу.

 Бағалау критерийлері

Шығарма мазмұнын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, проблема туындата алады;

Шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, эссе жазады.

 Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, ашықтық, құрмет, азаматтық патриотизм.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы пәнімен байланыста өтеді.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайдтар

Бастапқы білім

Қазыбек бидің шешендік сөздері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сынып оқушыларын түгендеу; кезекшімен жұмыс жүргізу; назарларын сабаққа аударту.

ТЖ.Қызығушылықты ояту.

«Тірек сөздер» стратегиясы – Мұғалім топтарға төмендегі тірек сөздерді береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады.

Тату ағайын

Ақылшы апа

Инабатты келін

қарындас

немере

Жан серік

Отан

Мейірімді ана

Асқар тау

Жау

Дау

Дерт

Серт

Тентек ұл

Сабақтың ортасы

15 минут

12 минут

1-тапсырма. ТЖ. Берілген шығарма мазмұнына сүйене отырып, бүгінгі күнмен байланыстыра проблема туындатыңыз. Оны «Фишбоун» әдісімен орындаңыз.

Проблеманы талдау барысында арнайы реттілікті сақтаңыз.

  •  Проблеманы анықтаңыз.
  •  Оны қалыптастырған себептерді табыңыз.
  •  Айғақтар мен дәлелдерді келтіріңіз.
  •  Қорытынды ұсыныс жасаңыз.

 Бұл ізденістеріңізді балық кескіндемесіне түсіріңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаз дауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігін өз құлағымен естіп, көз жеткізігісі келген бір білгір адам оған: Кім жақын? Не қымбат? Не қиын? деген үш сұрақты қатарынан қойса керек. Сонда Қазыбек би оған былай деп жауап қайырған екен деседі:

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын – қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын.

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың - шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын....

 

- Алтын ұяң – Отаның қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат,

Мейірімді анаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Ұят пен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат...

 

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқылаған сөз қиын,

Дәл осындай жағдайда,

Пана болмас өз үйің.

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен ор қиын,

Тентек болса, ұл қиын,

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас, миың.

Дескрипторлар: Проблема туындата алады;

Проблеманың туындау себептерін табады;

Айғақтар мен дәлелдерді келтіреді

Қорытынды ұсыныс жасайды.

Дескрипторға сай топтар бірін-бірі бағалайды.

2-тапсырма. Ж. «ЭССЕ немесе ой толғаныс» стратегиясы бойынша тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, эссе жазады. Жазба жұмысында шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан талдауы тиіс.

Дескрипторлар: Тақырыпқа сай ой қорыта алады;

Шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды;

Құрылымды, жүйелі эссе жазады.

Мұғалім бағалау жүргізеді.

Саралау қағидасы: креативтілік

http://asylsoz.kz/kk/kim-jaqyn-ne-qymbat-ne-qiyn-787/

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «Жолаушының қойын дәптері» стратегиясы бойынша жүзеге асады.

1 – қадам: Оқушыларға 3 бөліктен тұратын кестені сызып, бірінші бөлікке сабақта не туралы сөйлескенін, екінші бөлікке не туралы жазғанын, үшінші бөлікке қандай шешімге келгенін, не түйгенін жазады.2 –қадам: Кестеге жазғанын жанындағы жұбына оқиды, бір – бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөліседі.

 Не туралы сөйлестік?

 Не туралы жаздық?

Қандай шешімге келдік?

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта оқушылардың ойлау қабілетінің ерекше идеяларын тудыруға бағытталған саралаудың креативтілік қағидасы қолданылған, себебі бұл қағида оқушы ойын көркем түрде әсерлі жеткізуге мүмкіндік береді

Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға бақылау жасалып, қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Топтық бағалау жүргізіледі. Мұғалім тарапынан тиімді кері байланыс беріледі.

Сынып желдетілген, тазартылған. Техника, электр қауіпсіздігі сақталған. Жарықтың түсуі дұрыс бағытта. Сынып медициналық қобдишамен қамтылған.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу