Сырым Датұлы «Балаби мен Сырым». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал.


1-тапсырма. ТЖ

Шешендік сөздерді оқып, берілген кестені толтырыңыздар, салыстырмалы талдау жүргізіңіздер.

 БАЛАБИ МЕН СЫРЫМ

 Сырым бiр жылы орта жүзге барғанда сол елдiң Балаби деген биiне кез келедi. Сырым мен Балаби екеуi көп әңгiмелеседi. Балаби Сырымға бiрнеше сұраулар қояды, Сырым жауап бередi.

 – Сiз ағайынды нешеу едiңiз? – дейдi Балаби.

 – Мен ағайынды екеумiн, – дейдi Сырым.

 – Сiздi Даттан ағайынды он бiр деп естушi едiк.

 – Сiз түсiнбедiңiз, мен Даттан он бiр екенiм рас, бiрақ та олардың маған қанша керегi бар? Менiң ағайынды екеумiн дегенiм – бiреуi өзiм, екiншiсi – халқым.

 – Сөз анасы не, Су анасы не, Жол анасы не? – дейдi Балаби.

 – Сөз анасы – құлақ, Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ, – деп жауап бередi Cырым.

 – Өтiрiк пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар? – дейдi Балаби.

 – Өтiрiк пен шынның арасы төрт елi. Көз бен көргеннiң арасы, құлақ пен естiгеннiң арасы неше шақырым деп менi алдамаңыз, – дейдi Сырым.

 – Ақылды қандай адамға айту керек?

 – Ақылды ұққанға айту керек.

 – Ат не үшiн шабады? Ер не үшiн шабады?

 – Ат шабысына қарай шабады, Ер намысына қарай шабады.

 – Бұл дүниеде не тәттi? – дейдi Балаби.

 – Аста тұз тәттi, Адамда дос тәттi, – дейдi Cырым.

 

 ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ            

 Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:

  •  Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? - депті.

 Жиналған халық көп дағдарып:                             

  •  Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, - деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан:
  • Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты.
  • Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық.

 Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты.

Сонда Қарабас:

  •  Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! - депті де:                           

Оты жоқ жер жетім,                               

Басшысы жоқ ел жетім.                               

Елінен ауған ер жетім,                               

Тыңдаусыз сөз жетім,                               

 Жоқтаусыз қыз жетім, - дейді.

 

 

Түсінемін

 

Анықтаймын

Байланыстырамын

 Ықпал етемін

 Сенемін

 

 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2

 

 

 

 

 

 

 «Түсінемін» бөліміне оқушы мәтіннен не түсінгенін, «Анықтаймын» бөліміне нені түсінбегенін, яғни талқылауды, толықтыруды қажет ететін өзі үшін жаңа мәліметті жазады, «Байланыстырамын» бөлімінде өмірден мысал келтіреді, «Ықпал етемін» бөлімінде айтылған ойды не жақтайды, не даттайды, «Сенемін» бөлімінде дегенмен осы сөздердің артықшылығын, келешектегі жайы туралы болжайды. Екі мәтінді оқи отырып, екі мәтінге қатысты көзқарасын салыстырмалы түрде жазуы тиіс.

Дескрипторлар:

  • Мәтіндер бойынша түсінген мәліметін жазады;
  • Талқылауды, толықтыруды қажет ететін мәліметті жазады;
  • Өмірден мысал келтіреді;
  • Келешекке болжам жасайды;
  • Салыстыру жүргізеді.

2-тапсырма. Ж.

Шығармашылық жұмыс.

Берілген сөздерді жалғастыра отырып, шешендік сөз құрастырып жазыңыз.

1-топ: Сөз анасы – құлақ, су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ.

2-топ: Өтiрiк пен шынның арасы төрт елi.

3-топ: Ат шабысына қарай шабады, ер намысына қарай шабады.

4-топ: Аста тұз тәттi, адамда дос тәттi.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескрипторлар:

  • Берілген сөзді орынды қолданады;
  • Көркем, бейнелі сөздерді қолданады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу