Сырым Датұлы «Балаби мен Сырым». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Сырым Датұлы «Балаби мен Сырым» | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/Ж. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; Б/С. Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Шешендік сөздерден алынған үзінділерді шығармашылық жұмыста орынды қолдану, мазмұндас шығармалармен салыстырмалы жұмыс жүргізу. | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ғаламдық азаматтық, патриоттық тәрбие, өмір бойы білім алу. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио, видео құрылғылар | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Саналу арқылы 4 топқа бөлінеді; Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 2 минут 10 минут 5 минут | 1-тапсырма. ТЖ Шешендік сөздерді оқып, берілген кестені толтырыңыздар, салыстырмалы талдау жүргізіңіздер. БАЛАБИ МЕН СЫРЫМ Сырым бiр жылы орта жүзге барғанда сол елдiң Балаби деген биiне кез келедi. Сырым мен Балаби екеуi көп әңгiмелеседi. Балаби Сырымға бiрнеше сұраулар қояды, Сырым жауап бередi. – Сiз ағайынды нешеу едiңiз? – дейдi Балаби. – Мен ағайынды екеумiн, – дейдi Сырым. – Сiздi Даттан ағайынды он бiр деп естушi едiк. – Сiз түсiнбедiңiз, мен Даттан он бiр екенiм рас, бiрақ та олардың маған қанша керегi бар? Менiң ағайынды екеумiн дегенiм – бiреуi өзiм, екiншiсi – халқым. – Сөз анасы не, Су анасы не, Жол анасы не? – дейдi Балаби. – Сөз анасы – құлақ, Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ, – деп жауап бередi Cырым. – Өтiрiк пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар? – дейдi Балаби. – Өтiрiк пен шынның арасы төрт елi. Көз бен көргеннiң арасы, құлақ пен естiгеннiң арасы неше шақырым деп менi алдамаңыз, – дейдi Сырым. – Ақылды қандай адамға айту керек? – Ақылды ұққанға айту керек. – Ат не үшiн шабады? Ер не үшiн шабады? – Ат шабысына қарай шабады, Ер намысына қарай шабады. – Бұл дүниеде не тәттi? – дейдi Балаби. – Аста тұз тәттi, Адамда дос тәттi, – дейдi Cырым.
ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:
Жиналған халық көп дағдарып:
Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. Сонда Қарабас:
Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім. Елінен ауған ер жетім, Тыңдаусыз сөз жетім, Жоқтаусыз қыз жетім, - дейді.
«Түсінемін» бөліміне оқушы мәтіннен не түсінгенін, «Анықтаймын» бөліміне нені түсінбегенін, яғни талқылауды, толықтыруды қажет ететін өзі үшін жаңа мәліметті жазады, «Байланыстырамын» бөлімінде өмірден мысал келтіреді, «Ықпал етемін» бөлімінде айтылған ойды не жақтайды, не даттайды, «Сенемін» бөлімінде дегенмен осы сөздердің артықшылығын, келешектегі жайы туралы болжайды. Екі мәтінді оқи отырып, екі мәтінге қатысты көзқарасын салыстырмалы түрде жазуы тиіс. Дескрипторлар:
Топтар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды. 2-тапсырма. Ж. Шығармашылық жұмыс. Берілген сөздерді жалғастыра отырып, шешендік сөз құрастырып жазыңыз. 1-топ: Сөз анасы – құлақ, су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ. 2-топ: Өтiрiк пен шынның арасы төрт елi. 3-топ: Ат шабысына қарай шабады, ер намысына қарай шабады. 4-топ: Аста тұз тәттi, адамда дос тәттi. Дескрипторлар:
«Еркін микрофон» әдісі бойынша оқушылар өздерінің құрған шешендік сөзін оқиды. Бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды. |
| |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс: «Ең...ең...ең...»
| ||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
| ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?