Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.
БҰЛ БИ:
“Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің біріРуы ТобықтыТобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген.Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады1-тапсырма. Топқа бөлініп оқу. Оқушыларды төрт топқа бөліп бүгін өтетін шығарманы түсініп оқуды тапсырамыз. Болған соң оқушылар өзге оқушыларға оқылым түсінігін айтып береді.
1-топ: Не арсыз, не ғайып, не даусыз
2-топ: жеті жетім
3-топ: жеті жоқ
4-топ: жеті қазына
Дескриптор:
Топта бірлікте оқып, мазмұнын түсінеді;
Өзге топтарға мазмұндайды.
2-тапсырма. Тек алғашқы 3 минутын тыңдайды.
Оқушылар Нұр-Мұқасанның «Не пайда?» әнін тыңдап Әнет баба айтқан пікірмен салыстырады, ВЕНН диаграммасына салады. Формасы мен сөзіне талдау жасай отырып көркемдігіне, екі заман, екі адамның танымынан туған түсінігін салыстыра отырып тарихи құндылығына баға береді.
3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Қазіргі уақытта не арсыз? Не ғайып? Не даусыз? Олардың саны үшеу ме, әлде көп пе?
Өз нұсқаларыңызды ұсынып көріңіз.
Дескриптор:
- Сұраққа қатысты өз нұсқаларын дәлелдермен ұсынады.
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?