«Біржан – Сара» айтысының тілдік ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | «Біржан – Сара» айтысының тілдік ерекшелігі | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру; 9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Шығармадан психологизмді анықтау. Шығарманың көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасау. | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және адамгершілік жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу, әлемдік азаматтық | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Музыка | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио, видео құрылғылар | ||||||||||
Бастапқы білім | |||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу; Топқа саналу арқылы бөліну; Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 17 минут 15 минут | 1-тапсырма. Әр топ өздеріне берілген үзінділерден автордың тілдік ерекшеліктерін жанрлық сипатына қарай анықтайды. 1-топ: 105-109 беттер 2-топ: 110-114 беттер 3-топ: 115-119 беттер 4-топ: 120-125 беттер Теориялық мәлімет: Айтыстың көркемдік ерекшелігі Метафора мен теңеу Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады. Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады. Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес,Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, – деген жолдардағы эпитеттік метафоралар, "қырандай желді күнгі аспандаймын" деген жолдағы теңеу үздік образдар екені сөзсіз. Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде, өте шебер және көбірек қолданатын әдісі – метафора, әсіресе оның ұлғайған түрі. Сол көркем сөз айшықтарын екі ақын да өз арман-мұраттарын, мұң-шерін айтып беру үшін шебер пайдалана білген. Біржан сөздеріндегі алуан түрлі эпитет, метафоралар, Сара сөзіндегі үздік теңеулер соны да көркем. Ирония мен сарказм Біржан мен Сара айтыстарында ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе, айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады. Көрінсін Біржан салға ай секілді,Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді,Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым,Біржанға баламаймын тай секілді... Мұнда сөйлемнің сыртқы құрылысы көркем, асыра мақтау болса да, ішкі мазмұнында Жиенқұлдың шын суреті мен шын қасиеті бұл мақтауды жоққа шығарады да, оны иронияға (әжуаға) айналдырады. Мұнда сырт жағынан болса да мақтау бар. Ал екінші үзіндіде Сара Жиенқұлды ашық шенейді: Қонжиып мінер Құла жорға барса,Келе алмас ол шірігің қорғаласа,Ол бізді шын масқара қылар сонда,Қорс етіп бармаймын деп үйде қалса. Алдыңғы үзіндіде ішкі мазмұнына сыртқы құрылысы керісінше келсе, соңғы үзіндіде өзінің барлық күйін ашық, улы сарказммен айтып, Жиенқұлды өлтіре сынайды. Сол арқылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді. Дескрипторлар:
ерекшелігін табады. 2-тапсырма. 1,2-топтар: Рольдік ойын. Оқушылар топта Сара, Біржан, тілші болып рольдерді белгілеп алып, сұрақтар қояды, жауап береді. Автордың негізгі ойын сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман көрінісін түсінеді. Айтыста көтерілген мәселе туралы өз ойларына аргумент келтіре отырып айтады. Шығармадағы психологизм сөйлеуші сөзінен көрінуі қажет Теориялық мәлімет: Көркем әдебиеттегі психологизм деп отырғанымыз көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру. Психологиялық шығарманың түп негізі ретінде ХҮІІІ ғасырда Англияда жазылған Стерннің «Тристам Шендидің, джентельменнің ғұмыры мен пайымдары» романы аталады. Ол осы шығармасында адамды, адамның ойын психологиялық, мінездік толқыныстар тұрғысында көрсетеді. Дескрипторлар:
| ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Бағалау: Топтық жұмысты оқушылар бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды, ал дебат-пікірталасты оқушылар дауыс беру арқылы бағалайды. Кері байланыс: Бүгінгі сабақ мен үшін неге маңызды болды? | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?