Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.


«Сен білесің бе

Түгел сөздің түбірін бір жерден таратып, түп атасына теңелген кім?

Халқының болашағын көрегендікпен болжап кеткен қайсы би?

Кейбір тарихшылар атақты Бәйдібек бидің атасы санайтын биді білесің бе?

Құрамалы, қорғанды үйің болады,

Айнымалы, төкпелі биің болады.

Халыққа бір тиын пайдасы жоқ

Ай сайын бас қосқан жиын болады,-деп толғаған қай шешен еді?

Атадан қалған асыл сөз

Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері

Оқу мақсаты

Бағалау және салыстыру

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақ мақсаттары

Шығармаларды мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи, көркемдік құндылығына баға беру

Бағалау критерийлері

Шығармаларды оқып түсінеді;

Мазмұндас шығармалармен салыстыра алады;

Тарихи құндылығын анықтайды;

Көркемдік құндылығына баға береді.

«Айналмалы бекет» әдісі

Әр топтың мүшесі өз үзіндісіндегі шешендік сөздің мағынасын түсіндіру үшін келесі топқа барады, ал келесі топтың бір оқушысы келіп, екінші топқа өз үзіндісін түсіндіреді. Осы ретпен жалғасып, барлық мәтіннің үзінділерінің мазмұнын түсіндіру қамтылады.

Осылайша көлемді мәтіннің мазмұнын жылдам түсінуге мүмкіндік жасалады.

 

Дескрипторлар

Сабақ тақырыбын болжайды;

Шешендік сөздердің мағынасын түсінеді/түсіндіреді.

 

Құндылықтар спектрі

Әр топ өздері оқыған шығармалардың тарихи құндылықтарын айқындайды. Келесі топтың толықтыруына болады.

Тарихи

құндылықтар

Көркемдік

құндылықтар

Шығармалардың көркемдік құндылықтарын анықтау үшін кесте түрінде жұмыс жасауға болады.

Екі бидің шығармаларына салыстырмалы талдау жасайды.

Дескрипторлар

Шығарманы түсінеді;

Құндылықтар спектрі мен кестені талабына сай толтыра алады;

Салыстырмалы талдау жасай алады;

Топпен ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істейді.

Бағалау: мұғалім топтарды комментарий арқылы бағалайды.

Рефлексия + -

Сабақтың артықшылығы мен жетілдіруге тиіс тұсын айтады.

Үйге тапсырма: Мөңке би мен Майқы бидің шешендік сөздерінен үзінді жаттау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу