Төле би «Ердің бақыты-әйел». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төле би «Ердің бақыты-әйел»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.1. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

 Сабақ мақсаттары

Идея арқылы кейіпкерлерді әрекетін талдау;

Кейіпкерлер әрекетін өмірмен байланыстыру.

 Бағалау

 критерийлері

  • Көркем шығарманың идеясын түсінеді;
  • Кейіпкерлер әрекетін талдайды;
  • Өмірмен байланыстыра алады.

 Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, рухани құндылықты дарыту

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, мәдениет

 АКТ қолдану дағдылары

http://kazakh-tv.kz/kz/view/blog/page_192321_tole-bi-tandahan-kelin

Бастапқы білім

Шешендік өнер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.

4 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен танысады.

Қызығушылықты ояту:

  • Оқушылар, Толе би шешендігі туралы төменгі сыныпта таныспыз ба?
  • Кім Толе бидің шешендігі туралы мысал айтады?
  • «Ердің бақыты-әйел» деген пікірмен келісесіздер ме? (неге келісетінін, неге келіспейтінін ортада талдайды)

МҚ

Сабақтың ортасы

5 мин.(мәтінді оқуға)

10 мин.(талдауға )

7 мин.

8 мин.

2 мин

1-тапсырма.Т/Ж

«Ердің бақыты-әйел» тақырыбындағы Толе бидің шығармасын оқу.

Оқып болған соң, дәптерге «GROW» әдісімен 1-2 сөйлеммен мәтін мазмұнын, мақсатын

идеясын,әрекетті талдап жазады.

G-Мақсаты (оқушылар Толе бидің мақсатын анықтайды)

R-Идея (шығарманың негізгі идеясын анықтайды)

O-Қолдағы мүмкіндіктер (Данагүлдің өзін жақсы қыз қылып көрсету мүмкіндігі яғни тәрбиелілігін талдайды)

W-Әрекеттер (не істеу керек?) (Толе бидің Алакөздің үйінде Данагүлге құда түскісі келген әрекетін табады (құлақ, тіл бергендегі ойы))

Дескрипторлар:

  • Мәтінннің мазмұнын түсінеді;
  • Негізгі идеяны анықтай алады;
  • GROU әдісімен талдау жасай алады;

Бағалау: дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалайды.

2-тапсырма. Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беріңіз.

Сұрақ:

Бұл шығармадағы кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасынан қазақ мәдениетіне баға беруге бола ма?

Дескрипторлар:

-шығарма кейіпкерлерінің типтік бейнесін аша алады;

-кейіпкерлерге мінездеме береді ;

-Сұраққа мәдениетпен байланысты жауап береді.

3-тапсырма.

Шығарманың негізгі идеясын 3-4 сөйлеммен қазіргі өмірмен байланыстырыңыз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақ:

Бұл шығармадағы кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасынан қазақ мәдениетіне баға беруге бола ма?

Дескрипторлар:

  • Негізгі идеяға өз көзқарасын білдіре алады;
  • Өмірмен байланыстыра талдайды.

Бағалау: оқушылар «Екі жүлдыз, бір тілек» арқылы бірін-бірі бағалайды.

http://kazakh-tv.kz/kz/view/blog/page_192321_tole-bi-tandahan-kelin

МҚ

МҚ

2 мин.

Кері байланысқа

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Толе би:

-Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды, деген. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды! Ердің бақытын кетіретін де әйел, ерге бақыт әперетін де әйел». Осындай ой құшағында жүрген Төле биге Түрікмен елінен елші келіп:

─ Бір жылдан бері бітпей жатқан дауымыз бар еді, соған билік жасаңыз, – деп шақырады. Жер шалғай болса да Төле би Түрікмен еліне барып, дауласқан екі жақты татуластырып қайтады.

Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Таяу жете бере әлгілер ошарыла тоқтап, бұлардың жолын кесіп өтпей тұрып қалады. Алыстан байқап келе жатқан Төле қыздардың жанынан өтіңкіреп тоқтап:

Ана ізетті балаларды шақырып келші! – дейді жолдасының бірін жұмсап. Ол шауып кетеді. Жолаушыларға жақындай бере қыз-келіншектер аттарынан түсіп жаяу жүреді. Қастарына келгенде келіншектер тізесін бүгіп, қыздар бас иіп, сәлем береді.

─ Өркендерің өссін, балаларым, бақытты болыңдар, – деп Төле би бата береді. – Қарақтарым, әлдеқашан өтіп кететін уақыттарың болды ғой, бізді неге күттіңдер? – дейді Төле.

Сәл тосырқап, топ ішінен суырылып бір қыз ілгері шығады да, былай дейді:

─ Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, алдынан кесіп өтпейік. Араларында топ бастаған батырлар, сөз ұстаған шешендер бар шығар. Елдің қамын жеген, жердің шөбін қорғаған ерлер ғой; тойға жорға мінгеніміз, үстіге торқа кигеніміз осы кісілердің арқасы. Аз тоқтап ілипат етсек, ауылымызға азар болса бір шай қайнатым кеш жетерміз, бірақ аталарымыз бен ағаларымыздың көңілін көркейтерміз деп едік.

Ал, шырағым, жақындай бере аттан неге түстіңдер?, – дейді Төле би қызға.

Төбелесетін кісідей атпен тасыраңдап жетіп келгеніміз кішілігімізге жараспас, жерге түсіп, иіліп сәлем бермегеніміз әйелдігімізге жарасар дедік, ата.

─ Бәрекелді, көп жаса, айналайын! Қарағым, сенің атың кім?

─ Атым Данагүл, ата.

─ Әкеңнің аты кім?

─ Әкемнің аты Алакөз. 

─ Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін, құдай тілеулеріңді берсін. Жарайды енді, аттарыңа мініңдер, – деп Төле би батасын беріп жүріп кетті.

─ Тарт Сыйқым ауылына,-дейді былай шыға бере жолдастарына. Сыйқым ауылына жақындап келгенде бір серігін шаптырды.

Олар ауылға жетпей, шапқыншы қайта оралады.

Биеке, Алакөз кедей адам екен.

Үйі қайсы?

Анау шеткі қараша үй, деп жөнін сілтейді.

Шапқыншы ертіп келеді. Келін сәлем беріп, Төле биді серіктерімен үйіне әкеп түсіреді. Алаша киіз жетпегенге қамыс төседі. Үй кісіге толды. Жалғыз сиырының айранына суды қосып жіберіп шалап жасап, бір-бір тостағыннан сусын ұсынды. Біреулерді жүгіртіп, байлардың үйінен самауыр, қарызға нан алдырды. Ауыл хабарланып, жиналып қалды.

«Ой, Алакөздің үйіне Төле би келіп түсті. Қасында бір топ жолдасы бар», деген хабар байға да жетті. Домаланып ол да келді. Келіп, «О, Төке» деп сәлем беріп шұрылдасып жатыр.

─ Төке, біздің үйге неге түспедіңіз? Мынау балаңызды ұялтқаныңыз қалай?

─ Халқым үшін, кедейлерді есіме алмасам, онда әділет бола ма? Байға жақ боп кедейдің ақысын жібермесем, онда жұрт әділетті деп айтар ма еді!? Мейірімім түсіп мына Алакөздің үйіне қонақ болғым келді. Ал енді бәрің бірдей ағайынсыңдар ғой, құрметтерің болса істей беріңдер.

Мал сойылып, ауыл адамдарының бірсыпырасы жиналып, әңгіме тындап, Төкеңмен бірге отырды.

Табаққа бата беріп болғаннан кейін жерде Төле би басты қасқалап пышақпен кесті де, бір ұртын өзі аузына салды. Бір құлағы мен таңдайын алып:

─ Қарағым, Данагүл, келші өз қолымнан ұсынайын. Құлақ бергенім – екімнің бірі бол дегенім, таңдай бергенім – айттырмай біліп, өсиетімді жұртқа жайып жүретін балам бол дегенім.

Данагүл келіп еңкейіп, қолына алып:

─ Рахмет ата. Айтқаныңыз қабыл болсын, – дейді басын иіп.

Төле би қыздан «қабыл болсын» деген жауап алған соң:

 ─ Оу жігіттер, мына Алакөз мырзамен құда болғым келіп отыр. Данагүл қызыма мейірімім түсті. Бұйрық болса, қызым етіп алсам деп отырмын. Мен де кедей адаммын. Алакөз де кедей адам. Қоралап айдап беретін малым жоқ. Сондықтан мұныкі менікі, менікі мұныкі. Екеумізге екі бала ортақ. Ниетім қалыс. Қабыл көрсең, Алакөз қарағым, тапқанымыз екі баланыкі, – дейді. Алакөз әйелі екеуі орнынан ұшып түрегеп жылап қоя берді.       

─ Би аға, бүйтіп дүниеге келіп, бізге бала бітіп, ол баламызға сіз секілді адамның мейірі түсіп, үйімізге келіп құда болады. Би аға өле-өлгенше баламыз сіздікі. Ерлі-байлы екеуміздің мал-жанымыз да осы баланың жолында. Сіз бізді елегеніңізге, осынша мейірманшылықпен бізге мейіріңіздің түскеніне ризамын.

─ Ал ендеше олай болса, мінеки, балам Бәйдібектің батасы болсын, әумин. Қолынды жәй: «Ақылды, абыройлы, мейірлі, рақымды, кішіпейіл, киелі, айтқаны әділ, тілегі қабыл, өмір-жасы ұзақ, халқына қадірлі, жұртына сүйкімді, әке-шеше, туыс-туғанына жағымды, арты үбірлі-шүбірлі, алды қоқырлы, нәсіпті болсын. Аллауәкпар!» – деп бата береді.

Арада ай өтпей Төле би Данагүлді ауылына келін етіп түсірді. Келіні өзінің ойынан шығып, күткендегідей болды.

─ Қызым, Данагүлім, өзімнің ұлым қандай болса, сондай болып жүре бер. Атаға көрінбей қашып кетуді қой. Ол ескірген әдет. Мен болсам, халық үшін жүрген адаммын. Көбінесе түзде жүремін. Үйдің, ауыл-абаның, бәрінің ақылшысы өзің бол, шырағым. Шаруаны да өзің басқар. Тізгін-шылбырды қолыңа ал – деп келінін қызындай көріп, титтей нәрсе болса, ақылдасып отыратын болады. Бір жақтан жолаушылап келсе үлкен кісідей келініне көрген-білгенін айтып, сұрақ қоя сынап, ауылдағы шаруаның жайын әңгімелетіп, үнсіз тындап отырады екен.

Көп ұзамай-ақ келіні ел аузына ілікті.

─ О, Төле би тегін кісі емес қой. Келінді тауып алды. Шүкірлік, келіні ауыл-аймақ, ағайын-ата туғанға түгел ақыл беруге жарайды, – десті жұрт.

Төкең сыртта алты алашқа билік айтса, келіні ауылдағы ағайын-туғанға билік етті.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу