Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанының мазмұндық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 1-сабақ.


Бөлім:

Атадан қалған асыл сөз

Сабақ тақырыбы: Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Оқу мақсаттары:

Т/Ж. 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

А/И. 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақ мақсаттары:

Дастаннан үзінді оқып, сюжеттік-композициялық құрылысына қарай талдау, ерекшеліктерді анықтау;

Әдеби шығармада қолданылған көркемдегіш құралдарды анықтап, ажырату, автордың жазу стилін бағалау.

Бағалау критерийлері:

Әдеби шығарманың мазмұны мен идеясын түінеді, сюжеттік-композициялық құрылысына талдайды;

Дастандағы тілдік және көркемдегіш құралдарды анықтайды, бір-бірінен ажырата алады, өзіндік баға береді.

Топқа бөліну

1-топ. «Бақыт»

2-топ. «Ақыл»

3-топ. «Әділет»

4-топ. «Қанағат»

Топ атаулары арқылы тақырыпты болжап көріңіз!

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Мағынаны таны!»

1-топ. Берілген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды қағаз бетіне түсіре отырып, ғұламаның айтпақ ойын түсіндіріңіз.

2-топ. Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын қағаз бетіне түсіру. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақтап айтыңыз.

3-топ. Үзіндідегі дос, туыс, жолдас, бауыр ұғымдарына түсінік беріңіз, автордың тұжырымын анықтаңыз.

4-топ. Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларын жинақтап, автордың түйінді ойын білдіріңіз.

Бағалау. «Мадақтау сэндвичі» арқылы топтар бір-бірін бағалайды, позитивті жақтарына тоқталады, сындарлы сын айтып, келешекке ұсыныс білдіреді.

2-тапсырма. «Құтты білік» дастанының композициялық құрылымына талдау жасаңыздар.

Бағалау. Өзін-өзін және өзара бағалау жүргізіледі.

3-тапсырма. Үзінділермен жұмыс. «Құтты біліктен» алынған нақыл сөзді талдай отырып, қазіргі қолданылып жүрген мақал-мәтелдермен сәйкестендіріңіздер, мақалдардың мағынасын ашыңыздар.

4-тапсырма. «Фишбоун» әдісі арқылы топтар өздеріне берілген үзіндіден жазушы қолданған көркемдегіш құралдарды тауып, түрлерін ажыратыңыздар.

Орындалу барысы:

Басы – жазушы стилі.

Үстіңгі сүйектері - мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдарды тауып жазу, түрлерін ажырату.

Астыңғы сүйектері – көркемдеуіш сөздерді үзінді арқылы дәлелдеу.

Құйрығы - шығарма жайлы түйінді ой айту.

Ескерту! Балық қаңқасындағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.

Кері байланыс. «Кім? Не? Қалай?» әдісі арқылы оқушылар сабақ соңындағы сұрақтарға жауап береді.

Баласағұнидың «Құтты білік» кітабы не туралы?

Кітаптың кейіпкерлері кімдер?

Баласағұни ойынша шын дос кім?

Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

Баласағұнидің ойы Абаймен үндесе ме? Қалай?

Үйге тапсырма: «Құтты білік» кітабындағы төрт кейіпкерге ойтолғау жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу