Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанының мазмұндық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж. 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

А/И. 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақ мақсаттары

  •  Дастанды оқып, сюжеттік-композициялық құрылысына қарай талдау, ерекшеліктерді анықтау;
  •  Әдеби шығармада қолданылған көркемдегіш құралдарды анықтап, ажырату, автордың жазу стилін бағалау.

Бағалау критерийлері

  •  Әдеби шығарманың мазмұны мен идеясын түінеді, сюжеттік-композициялық құрылысына талдайды;
  •  Дастандағы тілдік және көркемдегіш құралдарды анықтайды, бір-бірінен ажырата алады, өзіндік баға береді.

Дескрипторлар

  • Шығарма үзінділерімен танысады, жан-жақты талдайды;
  • Сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды;
  • Нақыл сөзді мақал-мәтелдермен сәйкестендіреді;
  • Мақалдардың мағынасын ашады;
  • Автор қолданған көркемдегіш құралдарды тауып, түрлерін ажыратады;
  • Шығарма жайлы түйінді ой айтады.

Тілдік мақсаттар

Поэма, дастан, сюжет, композиция, сюжеттің басталуы, сюжеттік байланыс, сюжеттік даму, шарықтау шегі, шешімі, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, білім алу.

Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну, қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас орнату

Пәнаралық байланыстар

Философия, мәдениеттану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым арқылы дағдылары дамиды

Бастапқы білім

8-сыныпта өтілген тақырыптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.
  •  Оқушыларды қағаз қиындылары арқылы «Бақыт», «Ақыл», «Әділет», «Қанағат» деп төрт топқа болу.

1-топ. «Бақыт»

2-топ. «Ақыл»

3-топ. «Әділет»

4-топ. «Қанағат»

  • Топ атаулары арқылы тақырыпты болжату.
  • Тақырып анықталған соң, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Қима қағаздар

1,2-слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

3 минут

5 минут

10 минут

7 минут

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Мағынаны таны!»

1-топ. Берілген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды қағаз бетіне түсіре отырып, ғұламаның айтпақ ойын түсіндіріңіз.

Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,Есі болса, жұрнақ болса намыстан.Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,Үшіншісі – ашу ,оған егіз надандық.

Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,Бесіншісі - өтірік, жерге кіргізер.Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,Білсін сонда басынан құс ұшпасын.Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,Олар жұқса, азғаны тек қаныңның.

2-топ. Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын қағаз бетіне түсіру. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақтап айтыңыз.

Екі түрлі достықтың бар есебі,Сол үшін жұрт табысады, сенеді.Бір достық бар Тәңірді алған араға,Болмайды онда қалтарыс та, нала да.

Тағы бірі тек пайда үшін достасарМұнда адамдық болмас түбі қоштасар.Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.

Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.Егер пайда үшін дос боп табысса,Қатынаспа, түйінін шеш қатысса.

3-топ. Үзіндідегі дос, туыс, жолдас, бауыр ұғымдарына түсінік беріңіз, автордың тұжырымын анықтаңыз.

Дос көңілін білгің келсе өзің де,

Сына ашумен, суыт сөзбен жүзіңді.

Білгің келсе, сені сүйер-сүймесін,

Сұра қимас өзі сүйген дүниесін.

Дүниеқоңыз шетін көрсе пайданың,

Сенен кетпес «шеше», «әке» деп айналып.

Тілегенін бермесе егер сұрланып,

Көрмегендей бойын тартар тұлданып.

Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,Соларға сен, болмас қайғы, ауырлық.Дос, туыс сол қуанышта қуанар,Қайғы келсе, қасында боп уатар.

Сүйсін десең көп достарың өзіңді,

Тұз, нан ұсын, жарқын ұста жүзіңді.

4-топ. Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларын жинақтап, автордың түйінді ойын білдіріңіз.

Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.Тіл - арыстан есік баққан ашулы,Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды!Не дейді ұққын, тілден жапа шеккен ерҚұлақ салып, амал қылып, есті елер.«Тілімнен көп жапа шектім, есебім,Бас кесілмес үшін тілді кесемін.Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»

Аударған Асқар Егеубай

Бағалау. «Мадақтау сэндвичі» арқылы топтар бір-бірін бағалайды, позитивті жақтарына тоқталады, сындарлы сын айтып, келешекке ұсыныс білдіреді.

Мұғалім тарапынан топтарға кері байланыс беріледі.

2-тапсырма. С. «Құтты білік» дастанының композициялық құрылымына талдау жасаңыздар.

Сюжеттің басталуы:

Сюжеттік байланыс:

Сюжеттік даму:

Шарықтау шегі:

Шешім:

Бағалау. Өзін-өзін және өзара бағалау жүргізіледі.

Мұғалім оқушылардың жұмысына кері байланыс береді.

3-тапсырма. Үзінділермен жұмыс. «Құтты біліктен» алынған нақыл сөзді талдай отырып, қазіргі қолданылып жүрген мақал-мәтелдермен сәйкестендіріңіздер, мақалдардың мағынасын ашыңыздар.

Үзінді

Мақал-мәтел

Ақыл қайда болса, ұлылық толады, Білім кімде болса, сол білікті болады.

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Тіліңді бақ, басың аман қалады, Сөзіңді қысқарт, жасың ұзақ болады.

Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер.

Есік баққан тіл – арыстан, ашулы, Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды.

Білекті бірді жығар,   

Білімді мыңды жығар.

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын, Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын

Басқа пәле – тілден. 

Бағалау. Өзара бағалау жүргізіледі.

Мұғалімнің кері байланысы.

4-тапсырма. «Фишбоун» әдісі арқылы топтар өздеріне берілген үзіндіден жазушы қолданған көркемдегіш құралдарды тауып, түрлерін ажыратыңыздар.

Орындалу барысы:

Басы – жазушы стилі.

Үстіңгі сүйектері - мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдарды тауып жазу, түрлерін ажырату.

Астыңғы сүйектері – көркемдеуіш сөздерді үзінді арқылы дәлелдеу.

Құйрығы - шығарма жайлы түйінді ой айту.

Ескерту! Балық қаңқасындағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі. Топтар бір-бірінің жұмысына баға беріп, ұсыныс айтады.

Мұғалім тиімді кері байланыс береді.

3-слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс. «Кім? Не? Қалай?» әдісі арқылы оқушылар сабақ соңындағы сұрақтарға жауап береді.

  • Баласағұнидың «Құтты білік» кітабы не туралы?
  • Кітаптың кейіпкерлері кімдер?
  • Баласағұни ойынша шын дос кім?
  • Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?
  • Баласағұнидің ойы Абаймен үндесе ме? Қалай?

Үйге тапсырма: «Құтты білік» кітабындағы төрт кейіпкерге ойтолғау жазу.

9-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу