Бұғар Жырау «Ай, Абылай, Абылай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: әдебиет | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Бөлім | Бұғар Жырау «Ай, Абылай, Абылай» | |||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Әдеби шығарманың тұжырымдамасы Әдеби шығармадағы психологизмді саралау | |||||||||
Оқу мақсаттары | Оқушылардың барлығы шығармадағы психологизмді табады, кейіпкерді анықтайды Оқушылардың көбі психологизмді саралайды, кейіпкерді талдайды Оқушылардың кейбірі өзіндік тұжырымдамамен ойын дәлелдеп шығады | |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
Мектеп құндылығы | Топ, жұпта жұмыс жасау, құрметтеу, патриотизм өзін-өзі жетілдіруді сезіну | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: әдебиеттегі психологизм, адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсету, өмірлік шындық пен көркем шындық, даралау мен жинақтау, дерек пен қиялдап қосу, автор бейнесі т.с.с Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша....; себебі......; Оны мен былай дәлелдеймін..... Қрыта келе,...... | |||||||||
Алдыңғы білім | ||||||||||
Жоспар | ||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту: Психологизм дегенді қалай түсінесіз? Әдебиетпен қандай байланысы бар? | |||||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны ажырату «Ойланып көрейікші» әдісі Психологизм – көркем шындық пен өмірдің шынайы бейнесінінің түйісер тұсы, «көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі – психология да, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма феномен – психологизм» Ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады. 1-тапсырма ЖЖ. «Ай, Абыдай, Абылай» өлеңін жұп болып оқып, автордың пікірімен келісіп-келіспеу тұрғысында өзара пікір бөлісіңіз. Ай, Абылай, Абылай Ай, Абылай, Абылай,Жеңбеген жауың қалмады-ау,Алмаған жерін аз қалды-ау.Бетке алсаң әсте коймадың,Алсаң тағы тоймадың,Несібеңді елден ойладың.Атаңды білмес кұл едің,Ата-тегіңді сұраса,Арқар ұранды жат едің,Қай жеріңде төре едің?!Жұлдызың туды оңыңнан,Жан біткен ерді соңыңнан.Он сан Алаш баласынЖусатып қойдай өргіздін,Жұмсап жүрсің қолыңнан.Ай, Абылай, Абылай,Он бір ғана жасында,Әшейін-ақ ұл едін.Он бес жасқа келгенде,Әбілмәмбет төреніңАрқада жүріп қанғырып,Түйесін баққан құл едің.Абылай атың жоқ еді-ау,"Сабалақ" атпен жүр едің.Оны да көрген жерім бар,Жаныс Қарабайдың қолында,Түнде туған ұл едің.Жиырма беске келгенде,Бақыт қонды басыңа,Тақыт келді астыңа.Отызға әбден келгенде,Кең дүниеге кенелдің.Отыз беске келгенде,Қара судың бетіндеСоқтығып аққан сең едің.Қырық жасқа келгенде,Алтын тонға жең болдың.Қырық беске келгенде,Жақсы-жаман демедің.Елу жасқа келгенде,Үш жүздің бар баласынБастап өзің келдің де,Аттарының бастарынБір кезеңге тіредің.Алпыс жасқа келгенде,Жақсы болсаң толарсың,Жаман болсаң маужырап,Жүнжіп барып соларсың.Алпыс беске келгенде,Әрбір атқа қонарсың.Жұмсасаң балаң тіл алмай,Қатының қарсы шабар ұялмай,Көрген күнің сор болар.Жетпіс жасқа келгенде,Жаңылып сөзден қаларсың.Жетпіс толған жел екен,Шала ауырғанмен тең екен.Жетпіс беске келгенде,Жылуы болмас қойныңның,Қауқары болмас сойылыңның,Селкілдеп тірі жүрерсің.Қатардан шығып аулақтап,Жан құлазып қаларсың.Сақал-шашың желкілдеп,Мүжіліп әбден боларсың.Әудем жерге жүрс алмай,Бірсуге жүк боларсың.Өлмесең де жойылдың,Ар-аттаққа қойылдың.Сексен деген сор екен,Шындап ұрған пір екен.Сексен бес жасқа келгенде,Екі қара көзіңді алар,Аузындағы сөзіңді алар,Бойыңдағы әліңді алар,Бетіңдегі нұрыңды алар,Тәніңдегі шырынды алар,Саудыратып тісіңді алар,Өлмегенде не қалар?!Тоқсан бес деген тор екен,Дүйім жанның қоры екен.Қарғиын десең ұмтылып,Екі жағың ор екен.Найза бойы жар екен,Түсіп кетсең түбінеТүпсіз терең көл екен,Елсіз жатқан шөл екен,Келмейтұғын неме екен. 2-тапсырма С. Сұрақтарға жауап беріп, пікір білдіріңіздер.
3-тапсырма. Т. Абылай мен Бұқар Жырауды негізгі кейіпкерлер етіп қарастырып, кейіпкерді сомдаудағы психологизмді талдаңыздар.
Бағалау критерийі:
| http://bilim-all.kz/olen/3237-Ai-Abylai-Abylai | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Рефлексия. ‘Ф’ кері байланыс «бүгінгі сабақ мен үшін неге маңызды?» оқушылар жалпы сабақ барысы бойынша қорытынды ойларын айтады. | |||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
| ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?