«Біржан-Сара» айтысы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 3-сабақ.
БІРЖАН САЛДЫҢ ЖАҢА БЕЙНЕСІ
(
Көкше өңірінің тумасы, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Біржан салдың көпшілік біле бермейтін фотосуреті табылды.
Көкше өңірінің тумасы, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Біржан салдың көпшілік біле бермейтін фотосуреті табылды. Тың деректермен танысып, ән майталманының шынайы бейнесін қылқаламмен шебер сала білген қаржы саласының маманы, сурет өнерін жанына серік еткен - Толқынбек Әкім. Оның айтуынша, бұған дейін дүйім жұрт Біржан салдың өзі деп келген бәріне таныс сурет анығында өзге біреу болып шыққан.
Көкше өңірінің зиялылары жиналған басқосуда Біржан салдың Әбілхан Қастеев салған алғашқы суреті және жаңа бейнесі турасында әңгіме өрбіді. Соңғы кездері қазақ ән өнеріне сүбелі үлес қосқан тұлғаның белгілі суретші салған бейнесі дәл Біржан салдың өзі емес деген әңгіме тараған еді. Осы мәселені айқындап, өткенді ұмытпай, оны ұлықтауға шақыру мақсатымен шараны облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастырып отыр.
Толқынбек Әкім Әбілхан Қастеев салған сурет Біржанның нақ өзі емес екенін естіген соң, бірден әншінің шынайы бейнесін іздеуге кіріседі. Сол ретте ол қызметтес жолдастарының айтуымен, Ә.Марғұланның 14 томдық кітаптарын ақтарып, ішінен 1868 жылы түскен ақын, әншілердің бейнесіне көзі түседі. Сөйтіп, сол суреттің әдеби кітаптарда жазылған Біржанның кескін, бітіміне сай келіп тұрғанына еш күмәнданбайды.
Жиын соңында Толқынбек аға ерекше бір толқыныспен дүйім жұртқа аса ыждағаттылықпен, бар ынтасымен Біржан салға ұқсатып салған портретін көрсетті. Көпшілік жаңа кейіпте салынған бейнеге өз бағаларын беріп, пікірлерімен бөлісіп тарқасты.
Айгүл Мырзағалиқызы, Бауыржан Смағұлов
http://kokshetautv.kz/kz/news/culture/birzhan-saldyn-zhana-beinesi
Тастанбекқызы Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы-Найман.
Сара Тастанбекқызы Абайдың көзін көріп, онымен замандас болған тұлға. Оның өмір жолын оқып, ауыр тағдырына үңіліп көрсеңіз сол кезеңдегі әйел теңсіздігінің қандай болғанын шамалайсыз. Расында да, Сараның басына түскен тауқыметті екінің бірі көтере алмас еді. Ол үш жасында әкесінен айрылып, анасы екеуі жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көрді. Бұларды алғашында қамқорына алған немере ағасы Жайсаңбекке де жала жабылып, ол ертеректе қамалып кеткен болатын.
Онсыз да әбден қиыншылықта бой жеткен қыз бен оның жесір анасын Тұрысбек қажы деген кісі алғашында өз ауылына көшіріп әкелген. Кейін ол Сараны кеміс туған бай баласы Жиенқұлмен атастырып, одан қыздың қалыңмалын алады. Мұны естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіреді. Алайда, бұл жағдай ақын қыздың өмірін жеңілдеткен жоқ.
Тек Біржан салдың Сара ауылына келген сапарынан кейін ғана жетімнің өмірі өзгере бастады. Барлығы да осы екі ақынның айтысынан кейін, әрине. Таңды таңға ұрып айтысқан Біржан мен Сара сол маңдағы бүкіл жұртты тамаша өнерімен тамсандырған. Нәтижесінде ақын қыздың абыройы ел алдында бірден көтеріліп, халықтың оған қошеметі артты. Сараның тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасыңда теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады.
Сара мен Абайдың кездесуі жайында «Абай жолы» романында айтылады. Ұлы ақынның перзенті Әбіш қайтыс болғанда Найман елінің игі жақсыларымен бірге Сара да Абай ауылына келеді. Алайда ақын қыздың өзі де мұнан кейін көп ұзаған жоқ, жастайынан әбден қиындық көріп өскен ол ауруға шалдығып, ерте көз жұмған. Оның артынан "Жүрек", "Ашындым", "Арсалаң аға алдыңда", "Жүрек сыры", "Жайлауда", "Әбіштің аруағына", "Хош бол, елім" секілді көптеген өлендері мен "Тұзақ" атты дастаны қалды.
Адамның мен де сондай ұқыбы жоқ,
Құр тілді санап жүрген көңіліне тоқ.
Қағазға жалғыз сөзім түспеген соң,
Ұмтылып қалар Сара құр аңыз боп.
Сара апа, сіз ұмытылмадыңыз. Сізді есте сақтап құрмет тұтатын адамдар бар әлі күнге дейін.
Сара Тастанбекқызының өлеңдер жинағы мен кітабы бар.
Дереккөздер:
1. "Менің қызметім" сайты.
2. BAQ.kz ақпараттық порталы.
3. ҚазАйтыс сайты.
4. https://surak.baribar.kz/372155/
5.https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://www.baq.kz/foto/56064b2968c3cf2e21945b11c4d8018e.jpg
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?