Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 7-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: Қиял мен шындық | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Мерзім: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі | ||||||||||||||||||||
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің жанрына байланысты сюжеттік желілерін анықтайды | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Сөздер мен сөз тіркестер: фантастика, жасырынбақ, арнайы кеме, сусыз ойпат Пән лексикасы және терминология: жанр, эпилог, пролог, сюжет Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,....... | ||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Жаңалыққа құштарлық, зеректік, талапкерлік | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, астрономия | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Жоспарлан ған сабақ кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 6-7 | Қызығушылықты ояту Сурет сыры Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, әңгімелеңіз немесе өзіңізге таныс планета, жұлдыз атауларын қолданып, шағын мәтін құрастырыңыз. Бұл қандай сурет? Суреттегі ғаламшарлар қайда орналасқан? Осы ғаламшарлар туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз? Суреттегі жұлдыздар туралы не айта аласыз? Олар сізге таныс па? Бұлардың сыры неде? Суретке қандай атау берер едіңіз? Сонымен бүгін қандай жанрдағы шығармамен танысамыз деп ойлайсыз? Не себепті олай ойлайсыз? Сабақ тақырыбы мен мақсатын бірлесе талқылап таныстырады. |
| |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-18 19-25 26-32 33-35 | 1-тапсырма. «Шолу» әдісі Оқушыларға Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» фантастикалық әңгімесінен үзінділер таратылады. Оқушылар жұппен үзіндіні оқып, негізгі ойды, сюжеттік желісін анықтайды. А тобы жанрын, мазмұнына қысқаша шолу жасайды. В тобы сұрақтар қояды: 1.Әңгіменің тақырыбы қандай? 2. Қандай ой айтылған ? С тобы қорытынды ой айтып, сараптама жасайды. 2-тапсырма. «Уақыт шеңбері» әдісі Сынып оқушылары топқа бөлініп, шеңбер жасап отырады. Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже оқушылардың барлығы талқылауға түгелдей қатысуы керек. Негізгі үш ережені талқылау керек: 1. Тек бір адам ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек. 2. Егер сіз тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз. 3. Ешқандай ескерту болмау керек. Әр топта топ жұмысын ұйымдастырушы делдал болады. Делдал мұғалім дайындап келген сұрақтар бойынша топтағы оқушыларды әңгімелесуге, пікірлесуге шақырады. Бір сұраққа жауап бергісі келмеген оқушы болса, оған жетелеуші сұрақтар қойып, топ жұмысына қатыстыруға тырысу керек. Жетелеуші сұрақтар:
3-тапсырма. РАФТ стратегиясы Оқушылар шығарманың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып, қайта өңдеп фантастикалық әңгіме құрастырады. Рөл – жазушы рөліне ену Аудитория – сыныптастар Форма – фантастикалық әңгіме Тақырып – «Айдағы жасырынбақ» Әрбір оқушы барлық сыныппен талқылау үшін стилистикалық бір тәсілді таңдайды. Мысалы, «авторлық еркіндік»тәсілі, осы тәсіл арқылы жазушының қолдану әсерін толығымен және нақты түсіндіреді. Тәсіл сипаттаушы болуы тиіс. Өздік бағалау.
| презентация | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 |
| ||||||||||||||||||||
Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз? | Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? | Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау | |||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?