Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.


1-таратпа. «Семей полигонының тарихы» туралы инфографикамен таныс, сабақ мазмұнына қатысты кіріспе ой қозғау үшін кестені зерттеп, негізгі ақпараттарды жікте.

2-таратпа. Семей полигонын жабу туралы естіген әңгімелеріңді ойларыңа түсіріп, ортаға салыңдар.

3-таратпа. Жазушы Роза Мұқанова туралы ақпаратпен танысыңдар. Әңгіме жанры, оның ерекшелігі туралы баяндаңдар.

Жүсіпбек Қорғасбек, жазушы:

«Роза Мұқанова шығармаларын адамның жанына үңілуден туындатады. Адамның жаны үлкен қасіретте барынша ашылады. Роза адам қолымен жасалған хайуани қасіреттен адами мағына іздейді. Сезімге тиетін детальдар табады».

Жазушы пікірінен алынған төмендегі сөздердің мағынасын қалай түсіндіресіз?

Тіркестер мен сөйлемдер

Менің ойымша, ...

адамның жанына үңілу

Адамның жаны үлкен қасіретте барынша ашылады.

адам қолымен жасалған хайуани қасірет

адами мағына

сезімге тиетін детальдар

Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің кейіпкері Семей полигонынан зардап шеккен қыз – Ләйлә. Прототипі – Еңлік атты Семей қаласының тұрғыны. Адам қолынан жасалып, жанына бітпес жара салған осынау қасіреттен зардап шегуші тағы да - адам. Әңгімеде жаны жаралы Ләйлә көбінде аймен сырласып, бар мұң-зарын, қайғы-қасіретін соған айтумен болады. «О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз баламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен қасіретке толы»,- деп қамығады.

http://adebiportal.kz/kz/news/view/694

4-таратпа. Мәтінді «ДЖИГСО» стратегиясы бойынша оқыңдар.

1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:

1. Терең сайға бет алған Ләйлә-қыз.

2. Сезімсіз, жүрексіз, қатыгез Қатира.

3. Қарауылдағы той.

4. Қаралы Қарауыл.

5. Көрші ауданның басшы азаматтарының өтініші.

6. Екі тіршілік иесінің мәңгілік қоштасуы.

2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлініңдер(1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).

3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасап, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілеңдер.

4-қадам. Өз топтарыңа барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырманы түсіндіріңдер, өзара сұрақтар қойыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу