Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 1-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі

БӨЛІМ: ҚИЯЛ МЕН ШЫНДЫҚ

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

шығармадағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты анықтайды.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ

әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

«Мәңгілік бала бейне» әңгімесі

тақырыбы

идеясы

кейіпкерлері

Әңгіме қиын жанр. Алдымен оның көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Сюжет желісі де оқырманды баурап алатындай қызықты, тартымды болуы тиіс.

Әңгіме әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр.

Әңгіме шеберлік мектебі. Қазіргі әңгімелердің ішінде экологиялық тақырыпты да өзгеше өң беріп, көркемдік ізденістерімен толықтырып жүрген жазушылардан Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесін айта аламыз.

http://adebiportal.kz/kz/news/view/694

«Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі.

Т. «ДЖИГСО» стратегиясы

1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:

1. Терең сайға бет алған Ләйлә-қыз.

2. Сезімсіз, жүрексіз, қатыгез Қатира.

3. Қарауылдағы той.

4. Қаралы Қарауыл.

5. Көрші ауданның басшы азаматтарының өтініші.

6. Екі тіршілік иесінің мәңгілік қоштасуы.

2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).

3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.

4-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.

Дескриптор

әңгіме мазмұнымен танысады;

сараптау топтарында талқылайды;

сұрақтарға жауап береді;

тапсырмасын топта түсіндіреді.

Рефлексия

сабақтан алған

3 маңызды ақпарат;

қиындық келтірген

2 мәселе;

сабақта ұнаған

1 аспект.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу