Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІV Қиял мен шындық

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақ мақсаты

мәтіннен алынған үзінділерді өзіндік ой-пікірін дәлелдеу үшін тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау критерийі

көркем шығармалардан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: үзінділермен жұмыс жасау, оларды өз мақсатына сай пайдалану жолдарын меңгереді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: зерттеу сұрақтары, шешімдер жоспары, адамдар әулетінің рухы, қияқтай әдемі Ай, мәңгі-бақи бала кейіп т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, алынған үзіндіге сай ..., мен ... ойлаймын, менің байқауымша ... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы топта жұмыс жасау, мәселенің шешімін бірлесіп іздеу, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихымен байланыс. Семей полигонының тарихы.

Экология пәнімен байланыс. Полигон зардаптарының қоршаған ортаға, адам денсаулығына әсері.

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің мәтінімен танысты, оның сюжеттік желісін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-6

7-8

Оқушыларды шағын жұмыс топтарына Ай, Ай мен қыз бейнеленген суреттер арқылы бөлу.

1. Өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыру.

Мұғалімнің жалпы сынып оқушыларына қояр сұрақтары:

- шығарманың басты кейіпкері кім?

- Ләйлә оқырманға өзін қалай таныстырады? (кейіпкер сөзін жатқа оқу сұралады)

- кейіпкер сөзінің астарынан не байқалады?

2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

суреттер

МД слайд

1-таратпа

Сабақтың ортасы

9-13

14-15

16-23

24-28

29-30

3. Жаңа тақырыпты меңгерту

1-тапсырма.

С. Макротұжырым: Адам

Микротұжырым: Қыз

Тұжырымдамалық пайымдау: Қыз өссе – елдің көркі.

Фактологиялық сұрақ:

Қазақ қыз баланы қалай қадірлейді? (қыз -қонақ, қыз-өмірдің қызғалдағы т.б.)

Тұжырымға негізделген сұрақ: Автор Ләйлә қыздың тағдыры арқылы не айтқысы келді?

Талқылау: Ал Ләйлә туып-өскен ауылдың жан-жарасы жазыла ма? Бұл бір Қарауылдың ғана қайғысы ма?

2-тапсырма

а) Оқушылар кейіпкер бейнесін ашу үшін FILA кестесімен жұмыс жасайды.

ә) Топ мүшелері міндеттерін бөліседі: көшбасшы, хатшы, спикер, уақытты бақылаушы, бағалаушы.

Мәлі-

меттер

Идеялар

Зерттеуді талап ететін сұрақтар

Шешімдер жоспары

Сіз не білесіз?

Ләйлә мен Ай:

- бірі – жер баласы;

- бірі – түн баласы;

Сіз не ойлайсыз?

Проблеманың шешілуіне көмектесетін сұрақтар қою.

Қалай? Қандай жағдайда?

Сізге білу үшін не істеу керек? Жоспар құру

4.Топ жауаптарын тыңдау, өзара бағалау (5 мин.)

Топ мүшелері өздері анықтаған мәселелерді және оларды шешу жолдарын ортаға салып бөліседі.

Қабілеті жоғары оқушылар зерттеуді талап ететін сұрақтар мен іс-әрекет жоспарын белгілейді.

Қабілеті төмендеу оқушылар мәліметтер мен идеяларды тізеді.

Дескриптор

- шығарма тақырыбына қатысты қойылған сұрақтарға жауап береді;

- мәселені анықтайды;

- зерттеу сұрақтарын нақтылайды;

- шешімдер жоспарын құрады;

- топ жауабын таныстырады.

5. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

«Бүкіл адамзат баласы азат болмайынша, ешкім ерікті бола алмайды, барлық адам баласы бір-біріне сүйіспеншілікпен қарамайынша, ешкім де толыққанды сүйікті бола алмайды. Жер бетінде бақытсыздар байрағы желбіреп тұрғанда, ешкім де ерекше бақытты бола алмайды».

ағылшын философы Г.Спенсер

6. Мұғалімнің сындарлы кері байланысы.

2-таратпа

3-таратпа

FILA кестесі, түрлі-түсті маркерлер

Сабақтың аяғы

31-37

38-40

7. Ой-толғаныс кезеңі

Жазушы стилімен үш минуттық эссе жазу тапсырмасы беріледі. Тақырыбы:

«Ай астында армандар алдамайды» (Ләйләнің монологы).

Бірнеше оқушының жауаптары тыңдалып, бағаланады.

8. Рефлексия

Сабақта не қызықтырды?

Не қиындық келтірді?

Не оңай болды?

4-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу