Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІV Қиял мен шындық

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Сабақ мақсаты

тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалардың айырмашылықтарын, ортақ белгілерін анықтап, салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Бағалау критерийлері

шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармамен салыстырады;

тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

«Мәңгілік бала бейне» әңгімесі мен «Жапон балладасының» арасындағы ұқсастықтарды ашып, талдайды.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: баллада, тарихи және көркемдік құндылықтар, мәңгі өспейтін қыз т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер:

менің ойымша, әңгіменің идеясына тоқталсам ..., тарихи/ көркемдік құндылығын бағаласам ... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, топта жұмыс жасау, жауапкершілік және көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Топ ережесін басшылыққа ала отырып деңгейі төмендеу оқушыларға қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихымен байланыс. Адамзат тарихында тұңғыш қолданылған атом бомбасы туралы мәлімет.

Экология пәнімен байланыс. Ядролық қарудың адам мен табиғатқа, қоршаған ортаға тигізген зардабы.

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта әңгімені композициялық құрылысы жағынан талдады, жеке бөлім-бөлшектерін ажыратып әрі бөлшекті бүтінмен ұштастыра қарастырды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

8-10

1.Ойқозғау. Берілген суретке қарасақ ол қай шығарманы еске түсіреді?

Жазушы Ғ.Мүсіреповтың «Жапон балладасы» туралы жалпы мәлімет еске түсіріледі. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/6-synyp/lesson/habit-musirepov-zhapon-balladasy

(1.52 минут)

Біз оқып жатқан «Мәңгілік бала бейне» әңгімесімен байланысы бар ма? Иә, бар:

  • тақырыбы жағынан;
  • көтерілген мәселесі ортақ;
  • кейіпкерлер тартқан қасірет;
  • жауыздықтың шектен шыққан түрі т.б.

2. Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

МД слайд

https://abai.kz/post

/40814

Сабақтың ортасы

11-13

14-25

26-30

3. Жаңа тақырыпты меңгерту.

1-тапсырма. Оқушылар екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсетеді.

2-тапсырма. Берілген үзінділерді оқып, «Қос жазба күнделігін» толтырады.

1-үзінді: Қазір мен ақ қанды адаммын. Қызыл қан азая-азая сарқылып келеді. Жиырма жыл жасау үшін де аз арпалысқаным жоқ. Әлі де алысып көремін... Жасым әлі қырыққа жеткен жоқ. Кейде үйленгім келеді. Қиқы-шойқы, шалажансар бір мүгедек туып жүрсе қайтерміз?

Тегінде, доктор дұрыс айтқан болар. Еркекше шыдау керек болатын шығар...

«Жапон балладасы»

2-үзінді: «Шіркін-ай, шіркін-ай десейші! Менен басқаның бәрі де бақытты, бәрі де көңілді. Бұл дүниенің бар бақыты - он екі мүшеңнің саулығында екен ғой. Көпке қиған бақыттың өзіне зар болған қандай сормаңдай едім». Ләйлә той өтіп жатқан үйдің көңілді адамдарына қызыға қарады. Бұршақ-бұршақ болып төгілген көз жасын әлсін-әлсін ел көзінен жасырып сүрте берді. «Білемін, өспеймін. Құдірет-ау, басқа мазағың жетпегендей, әлі көрсетер қасіретің көп пе? Онан да біржола жоқ етіп неге жібермейсің. Heгe, неге? Саған да керегім жоқ па, менің қасиетсіз бейнеме ыржалаңдап күлгің келе ме? Көңіліңе басқа ермек таппай, мәңгі өспейтін қыз тағдырын қызықтайын дедің бе?»

«Мәңгілік бала бейне»

Дәйексөз (цитата)

Түсіндірме (комментарий)

Жиырма жыл жасау үшін де аз арпалысқаным жоқ.

Бұл дүниенің бар бақыты - он екі мүшеңнің саулығында екен ғой.

3-тапсырма. Екі шығарманың тарихи-көркемдік құндылығын бағалау мақсатында «Бір тезис, үш дәлел» кестесін толтырады.

ТЕЗИС

1-ДӘЛЕЛ

2-ДӘЛЕЛ

3-ДӘЛЕЛ

«Мәңгілік бала бейне» -трагедиялық шығарма.

Дескриптор

  • екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;
  • ортақ белгілерін көрсетеді;
  • үзінділерді оқиды;
  • дәйексөздерді теріп жазады;
  • оларға түсінік береді;
  • туындылардың тарихи-көркемдік құндылығын бағалайды.

Қабілеті жоғары оқушылар әңгімелерден дәйекті мысалдар келтіре отырып олардың арасындағы байланысты түсіндіре алады.

Қабілеті төмендеу оқушылар әңгіме мазмұнын баяндайды.

5. Мұғалім деңгейлік тапсырмалардың орындалу барысын бақылау парағына белгі қою арқылы тексереді.

1-таратпа

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың аяғы

31-35

36-40

6. «Төрт сөйлем» әдісі бойынша тақырыпты қорытындылайды.

Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

7. Оқушылар жауаптарын оқып, «Екі жұлдыз, бір тілекпен» өзара баға береді.

4-таратпа

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу