Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 5-сабақ.


Көркемдік деталь – (бөлшек, бедер-белгі) - мағыналық, көркемдік мәні бар ұсақ ерекшелік, сөз болып отырған нәрсенің жекелеген сипат-белгілері. Әншейінде оп-оңай көзге түсе бермейтін өзгешеліктер байқағыштықтан, көрегендіктен туындайды, сондықтан ол өмір құбылысының, әр түрлі нәрсенің ерекшелігін, сондай-ақ адамның бойындағы қандай да бір қасиет-сипатты дәл тауып, бейнелеп беру шеберлігін танытады. Кейіпкердің мінезіндегі, кескін-келбетіндегі, іс-әрекеті мен сөйлеу мәнеріндегі немесе шығарманың сюжеттік желісіндегі, композициялық құрылысындағы жекелеген ерекшеліктер немесе суреттеменің, баяндаудың дәлдігін, нақтылығын арттыра түсетін әр түрлі бояу-нақыштар - міне, осылардың қай-қайсысын да көркемдік деталь ретінде алып қарауға болады.

 Көркем әдебиеттегі психологизм деп отырғанымыз - көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру.

 Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» шығармасында құпияға толы, табиғаты сыршыл, мұңшыл құбылыс – Айды метафора ретінде қолдану арқылы оқырман мен өз туындысының гауһар тасы болған кейіпкері – Ләйләнің арасындағы байланыс жібі қылып ұтымды пайдаланған. Және де оны көркем суреттеумен қатар, терең мән-мағынамен ойната да білген.

Нұргүл Абдулла

  Ал Роза Мұқанованың әңгімелерінің дені әйел психологизмі, адам өмірінің өзгеше қырлары мен шығармашылығындағы философиялық түйіндерді шешуге тырысады. Қазіргі әңгімелердің ішінде экологиялық тақырыпты да өзгеше өң беріп, көркемдік ізденістерімен толықтырып жүрген жазушылардан Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», «Қаралы төбе», Д. Рамазанның «Соңғы дем», Н. Ораздың «Жылқының көз жасы» (2007) әңгімелерін айта аламыз.

 Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің кейіпкері Семей полигонынан зардап шеккен қыз – Ләйлә. Прототипі – Еңлік атты Семей қаласының тұрғыны. Адам қолынан жасалып, жанына бітпес жара салған осынау қасіреттен зардап шегуші тағы да - адам. Әңгімеде жаны жаралы Ләйлә көбінде аймен сырласып, бар мұң-зарын, қайғы-қасіретін соған айтумен болады. «О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз баламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен қасіретке толы»,- деп қамығады. Ал қазіргі әдеби процесте қазіргі қазақ жазушыларына осы заманғы әдебиеттің жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған үлкен міндеттің бірі – адам жанының диалектикасын ашу. Дәлірек айтқанда, кейіпкердің ішкі рухани әлеміне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау саласында терең толғану , тынбай іздену керек болып отыр.

http://adebiportal.kz/kz/news/view/694



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу