Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 8-сабақ.


Оқушылар өткен сабақтағы алған білімдері бойынша сұрақтар құрастырады. Өзге топқа ұсынады. Ол топ сұрақтарды талқылап, ой қорытады.

Сұрақ үлгілері:

1. Пролог шығарманың қандай бөлігі?

2. Планетолог деген кім?

3. Мергеннің әкесі немен айналысады, мамандығы кім?

4. Мерген деген кім?

5. Сартай деген кім?

6. Сартай мен Мерген қандай оқиғаға тап болды?

7. Шығармада қандай проблема көтерілген?

8. Неге әңгіме «Айдағы жасырынбақ» деп аталған?

Сабақтың тақырыбы

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі

Сабақтың мақсаты

А/И1. Әдеби шығарманың композициясы

Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

Сұрыптап талдау

«Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің эпизодтарын топта оқыңыз.

А тобы – Шығармадан үзінді келтіре отырып планетаның ластануына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Ә тобы – Шығарманың көбірек әсер еткен эпизоды. Осы эпизодтың шығармаға арқау болуына түрткі болған ой.

Б тобы – Шығарманың кез келген эпизодын алып тастасақ, шығарманың идеясы өзгере ме? Неге? Эпизодтардың бір-бірінен айырмашылығы туралы не айтасың?

В тобы – Эпизодтарда адамдар бейнесі қалай көрсетілген? Кейіпкерлер іс-әрекетін қандай мақал-мәтелмен түйіндеуге болады? Неге?

Блум таксономиясы

Рефлексиялық эссе

Ж.Сахиевтің «Астрономия» энциклопедиясында ата-бабаларымыздың жұлдызды әлемге қай кезден назар аударып, жұлдыздар мен аспан денелері жайлы ғылыми негізді аңыздар тудырып, оларды күнделікті тіршілік пен ауа райын алдын ала болжауға қалай пайдаланғаны, осы жолдағы халық ырымдары берілген. Одан әрі қарай астрономия ғылымының ел-елде қалыптасу тарихы, астрономиялық құралдардың жасала бастауы мен олардың жетілдірілуі баяндалған.

Өтеш Өтеуліұлы

 

Пікірді оқып, пікір бойынша туындаған ойларыңызды «Айдағы жасырынбақ» әңгімесімен байланыстырып кері байланыс эссесін жазыңыз:

Алдымен біз былай ойладық...

Одан кейін мына эпизодқа тап болдық...

Эпизодты талдау үшін біз ... жасадық.

Бұдан біз ... көрдік.

Демек, бұл мынаны ... білдіреді

Сонымен біз ... деген шешімге келдік.

Топтық бағалау

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесін тілдік ерекшелігіне назар аударып оқу.

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің шығу тарихына қатысты деректер жинақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу