Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.
Таратпа материал
1-тапсырма «Дайындал...Назар сал... Оқыңдар!» әдіс –тәсілі арқылы тапсырманы шығарманың сюжеттік желісіне сай талқылайды.
1. Оқушылар шығарманың сюжеттік желісі бойынша топтарға бөлінеді: басталу, даму, шиеленісу, шарықтау шегі, шешім. Сюжеттік желі шашырай таратылады. Топтар 1 минут ішінде құрастырып,тез орындарын тауып, отырып үлгерулері керек. 2. Топ мүшелері іштей мәтінді бір оқып шығады. Берілген тақырып пен проблеманы талқылап, өз идеяларын келесі топқа айту үшін 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар шығарманы сюжеттік желісіне сай келесі топқа барып мазмұндайды, топтар бір-бірінің идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. |
2-тапсырма«Кубизм» әдісі «Кубизм» әдісі арқылы оқушыларға жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.
|
3-тапсырма «Талдап білу» әдісі Оқушылар әңгімені топта бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді. Талқылаушы- мазмұны мен тақырыбын талқылайды. Белгілеуші- мазмұны бойынша сұрақ дайындайды. Байланыстырушы- шығарманы аңызбен байланыстырады. Топ шешені- « Күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?» өз ойын айтады. Қорытындылаушы - «Жазушы күй туралы,күйші туралы неге тебіреніп жазды деп ойлайсыңдар?» деген сұрақты талдап қорытындылайды. |
4-тапсырма « 6 неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып, шығарманың прологы мен эпилогын жазады.
Эпилог пен пролог жазуға ұсынылатын тірек сөздер: екі күйші, боз інген, аяқталмай қалған күй, әке шарты, қыз қулығы. |
Кері байланыс: «Мендік пікір» арқылы сабақтан алған әсерін жеткізу Мені сүйсіндіргені… Мені қуантқаны… Менің тілегім… Мені қызықтырғаны… Біздің түйгеніміз: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?