Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 1-сабақ.
Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі
Қиял мен шындық
Сабақтың мақсаты:
Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ
әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін таниды;
шығарма желісін түсінеді.
Дескриптор
Шығарма үзіндісін оқиды;
Сюжеттік желісін түсінеді;
Шығарма құрылымындағы ерекшеліктердің оқырманға әсерін талқылайды;
Сұрақтарға жауап бере отырып, шығарма прологы мен эпилогын жазады.
Шығарманың сюжеттік желісіне сай талқыла.
Оқиғаның басталуы.
Оқиғаның дамуы.
Шарықтау шегі.
Шиеленісуі.
Оқиғаның шешімі.
1-тапсырма.
«Дайындал...Назар сал... Оқыңдар!»
Суретте. Күйші Естеместің портретін суреттеңіз.
Салыстыр. Күйші Оразымбет пен Естеместі салыстырыңыз.
Зертте. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
Қолдан. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырынан нені аңғаруға болады?
Дәлелде. Күй неліктен толық шықпады?
Талда. Нардың күйге елтігенін қай тұстарда байқадыңыз?
2-тапсырма. «Кубизм» әдісі
Талқылаушы- мазмұны мен тақырыбын талқылайды.
Белгілеуші- мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.
Байланыстырушы- шығарманы аңызбен байланыстырады.
Топ шешені- « Күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?» өз ойын айтады.
Қорытындылаушы - «Жазушы күй туралы,күйші туралы неге тебіреніп жазды деп ойлайсыңдар?» деген сұрақты талдап қорытындылайды.
3-тапсырма. «Талдап білу» әдісі
4-тапсырма. « 6 неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып, шығарманың прологы мен эпилогын жаз.
Қыз бала неліктен қаймықпай жолаушылардың аттарын белдеуге байлады?
Неліктен шал жолаушыларға сусын ұсына алмады?
Неліктен Естемес күйші Жаңылға көз тастай берді?
Ақсақал неліктен Естемеске қолқа салды?
Қыз неліктен нардың емшегін қысып ұстады?
Естемес күйші неліктен жолын Оразымбетке берді?
Эпилог пен пролог жазуға ұсынылатын тірек сөздер:
екі күйші, боз інген, аяқталмай қалған күй, әке шарты, қыз қулығы.
Кері байланыс «Мендік пікір»
Мені сүйсіндіргені…
Мені қуантқаны…
Менің тілегім…
Мені қызықтырғаны…
Біздің түйгеніміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?