Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.
Таратпа материал
1-тапсырма F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау; I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі; L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар; A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .
|
2-тапсырма Үзіндіні оқи отырып, кейіпкерлерге портреттік мінездеме бер. Жас жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған кең мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды.
|
3-тапсырма «Талқылау сұрақтары» әдісі
|
4-тапсырма «Жуан және жіңішке мәселелер» әдісі
|
Кері байланыс: «Мендік пікір» арқылы сабақтан алған әсерін жеткізу Мені сүйсіндіргені… Мені қуантқаны… Менің тілегім… Мені қызықтырғаны… Біздің түйгеніміз: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?