Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ :

Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Қиял мен шындық

Сабақтың тақырыбы:

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ

Сабақ мақсаты:

8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

Бағалау критерийі

Кейіпкерлерге тура және жанама мінездеу арқылы талдау жасайды.

Дескриптор

кейіпкерді сипаттап, тура мінездеуге мысалдар келтіреді;

кейіпкерді сипаттап, жанама мінездеуге мысалдар келтіреді.

«жуан және жіңішке»сұрақтарға жауап беру арқылы өзіндік ой қорытады.

Құндылықтарды игерту:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың жеке, жұптаса, топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Өнер, музыка, тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Күйші Талап Хамзин «Нар идірген» күйі

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Құндыз бөрік, аты кең жайылған,домбыраның мойны,шекпен қап.

Осыған дейін меңгерілген білім

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесінің жанрлық ерекшелігі, сюжеттік желісі

Жоспар

Жоспарла-натын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 мин

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

10 мин

10 мин

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

Бағалау критерийлерімен таныстыру.

1-тапсырма «FILA толтыру» әдісі

Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;

L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

2-тапсырма Оқушылар үзіндіні оқи отырып, кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.

Жас жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған кең мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды.

Кейіпкер

Тура мінездеу

Жанама мінездеу

3-тапсырма «Талқылау сұрақтары» әдісі

  • Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай  әсер етті?
  • Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?
  • «Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер» - Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?
  • «Өлімнен ұят күшті» - Шалға қандай мінездеме берер едіңіздер?

4-тапсырма «Жуан және жіңішке мәселелер» әдісі

ОЙ ҚОРЫТУ

Түсіндіріңіз, неге............?

Сіз неге ........... ойлайсыз?

Айырмашылығы неде..............? .........................?

Болжаңыз, егер, солай болса ...........?

Неменеге ұқсайды .....................?

Қашан ? Не ?

Қашан? ........мүмкін?

.................. бола ма?

................. болуы мүмкін бе?

................... болған ба?

Сіз....... келісесіз бе?.......дұрыс па?

Кері байланыс: «Мендік пікір» арқылы сабақтан алған әсерін жеткізу

Мені сүйсіндіргені…

Мені қуантқаны…

Менің тілегім…

Мені қызықтырғаны…

Біздің түйгеніміз:

Бағалау

1-слайд

2-слайд

3-слайд

4-слайд

5-слайд

6-слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу