Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 12-сабақ.


«Миға шабуыл»

Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуге жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс.

«БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ» теориясы бойынша жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары

Теориясы:

«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.

Бос орындарға қажет сөздерді қойып, мысал келтір.

  • Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді.
  • Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып, басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір.
  • Балам, қайдан келдің? – Балам, (сен) қайдан келдің?
  • Астанадан. – (Мен) Астанадан (келдім).

Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.

  • Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру үшін не істеу керек?

Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:

  • Біріншісі: өзара желілес сөйлем тобында;
  • Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі.
  • Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.

Теориясы:

«Түсіну» Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.

Бос орындарға қажетті сөздерді қой.

  • Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады.
  • Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?

Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни, сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты.

  • Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?

Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері сөйлемге түгел қатысу керек.

Теориясы:

«Талдау» 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

 Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр, ерекшелігін тап. 

Сөйлем түрі

Ойға қатысты қанша сөйлем мүшелері қатысады?

Басты ерекшелігін ата

Жасалу жолын салыстыр

Толымды

Айтушыға керекті сөйлем мүшелерінің барлығы қатысады

Бастауыш пен баяндауыштан тұрса да, ой толық жеткізілуі мүмкін.

Қарапайым жай сөйлем

Толымсыз

Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалады

Түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады.

Екі түрлі жасалу жолы бар:

а) өзара желілес сөйлемдер тобында;

б)диалог жағдайында

Теориясы: 

«Жинақтау» Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек. 

 Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса. Жауаптарын сәйкестендір. 

Үлгі: 

Не жазығым бар?

Толымсыз сөйлем

Бұлаққа келе жатырмын.

Толымсыз сөйлем

Кеш болды.

Толымды сөйлем

Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды.

Толымды сөлем

Практикасы:

«Қолдану» Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.

1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды, екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.

2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып, толымды сөйлем етіп шығар.  

 – Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен.                                                           – Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.

Практикасы: 

«Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек.

 Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар арқылы) күнделікті өмірде қолдану. 

 Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін қандай маңызы бар? 

 Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені, олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылығында. 

«БББ»

Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?

Олар нені білгісі келеді?

Олар нені білді?

Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).

Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.

«Стикер»

 Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қиын болып көрінді?
  • Не күрделі болды?
  • Мен енді нені үйренгім келеді?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу