Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 14-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ :

Мектеп:

Пән:

Күні :

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

«Қиял мен шындық»

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А/И2. Автор бейнесі

Сабақ мақсаты:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

Жалпы адамзат құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация

Бағалау критерийлері:

  • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.

Дескриптор

  • Автор бейнесін анықтайды;
  • кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Таныс таңба, кезбешар,халықтың тарихы, ғарышкерлер

Осыған дейін меңгерілген білім

Өз көзқарасын дәлелді қолдану үшін көркем шығармадан алған үзінділерді қолдану

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

«Чемодандар»

Тақтаға чемоданның суреті ілінеді. Әр оқушыдан кезекпен өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай білім, білік, дағдыны алып кеткісі келетінін айтуларын сұрайды.

1-слайд

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

7 мин

5 мин

1-тапсырма «Дөңгелек үстел»

1-қадам. Кіші топтарға бөлу;

2-қадам. Шығармада автор көтерген мәселе. шығармадағы автор және кейіпкерлер бейнесін анықтау;

3-қадам. «Дөңгелек үстел» жұмысының ережесі бойынша:

  • Әр сөйлеуші автор мен берілген кейіпкер қарым-қатынасындағы тілдік ерекшелік бойынша пікірін, ойын бір параққа жазады да, сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі оқушы тағы да сол қағазға пікірін, ойын жазып, көршісіне береді.
  • мүмкіндік болса, әр қатысушының ойын жазатын қаламының түсі әртүрлі болуы керек;

4-қадам. «Дөңгелек үстелдің» ережесіне сәйкес автор көтерген мәселе жайлы пікірталас;

5-қадам.Кіші топтардағы әңгіме нәтижесін түйіндеу;

6-қадам.«Дөңгелек үстел» қатысушыларының әңгімелері нәтижесінде презентация жасау.

2-тапсырма Зерттеу сұрақтары

Оқушылар жұпта кітапхана мен ғаламторды қолдана отырып, автор және ол өмір сүрген кезеңді зерттеулері тиіс. Оқушылар сабаққа дейін өздерінің автор бейнесіне байланысты зерттеу сұрақтарын дайындайды.

Оқушылар проблемалық, мазмұны терең сұрақтарымен келуін сұраңыз. Мысалы:

1. Ақынның шығармасына негізгі арқау болған тақырып не?

2. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

3-тапсырма Кейіпкерлердің өзара қатынасын топ ішінде талдап, жеке таңа кесте толтырады.

Кейіпкер

Іс- әрекеті мен мінезі

Автордың осы кейіпкерге көзқарасын әңгіме арқылы дәлелдеу

Жасаған

Төлен

Таңатар

4-тапсырма Ж. Сахиевтің «Дабыл» фантастикалық әңгімесінің мазмұны бойынша әрбір оқушы бір минут ішінде автордың ойлары мен сезімдері туралы айтады. Егер біреу күмәнданса немесе бір нәрсені қайталай берсе, жұптар ауысады.

Шығарма мазмұнын талдау үшін топтарға бірігіп, рөлдерін бөліп алады:

1-оқушы: таныстырушы- шығарманың идеясы мен тақырыбын таныстырады.

2-оқушы: байланыстырушы - шығарманың идеясын өмірмен байланыстырады.

3-оқушы:салыстырушы - әңгімені басқа жазушының осы мазмұндас шығармасымен салыстырады.

4-оқушы: суретші - шығарма мазмұны бойынша сурет салады.

2-слайд

3-слайд

4-слайд

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс. «Шаршылар»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

1-тапсырмада оқушылардың спортшылар арқылы қызығушылығы артты. Осылайша өмірбаян, мінездеме жазу оларға қызықты бола түсті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу