Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 17-сабақ.
Карл-Поппер форматы
Бұл – «мектепішілік» формат. Яғни, барлық ТМД және әлемнің кейбір елдерінің оқушылары осы форматта ойнады. Американдық парламенттік форматының саяси форматымен бара-бар. Спикерлер саны бойынша өзгерістер бар: 1 палатада (яғни топта) – 3 спикер(адам). Әрбір спикер бір рет сөз сөйлеу құқы бар. Сонымен қатар сұрақ-жауап кезеңіне және дайындық кезеңіне бөлек уақыт беріледі. Негізгі идея – ол үкімет тобы белгілі бір анықталған проблеманы шешу керек. Ал оппозиция тобы оған қарсы тұрып, ол шешу жолдарын жоққа шығару керек. Қайсы топ өз жұмысын жақсы орындайды, сол топ жеңіске жетеді.
Формат(ереже):
Енді формат бойынша ойын келесідей құрылады (сіз не туралы айтасыз):
1. Қарар (тақырып)
2. Қарар өзектілігі
3. Диффиниция (кілттік сөздерге анықтама) – сіздің сөзіңізде бір терминдер болып қалуы мүмкін, сондықтан барлық отырған адамдар сізді дұрыс түсіну үшін анықтама беріледі, мысалы: жастар – 14-29 жас аралығындағы ҚР азаматтары және т.б.
4. Status quo. Бұл сөзден қорқып керек жоқ, аудармасы – қалыптасқан жағдай. Тақырыпты ашу үшін қалыптасқан жағдайды айтуыңыз керек, бұл көбінесе статистикалық мәліметтер болуы керек және осы жерден мәселе (проблема) шығуы керек. Бұған 2 минуттан кем емес уақыт жұмсау керек. Мысалы: ҚР 149 жоғары оқу орындары бар, онда 600 000 студент оқиды, оның ішінде сабақты «3-ке» оқитындар саны 350 000 студент. Міне, мәселе шыға келді: Студенттердің жартысынан көбісі сабақты нашар оқиды.
Айта кету керек, кейбір турнирлерде Қайнар көздері дейтінді сұрайды. Одан шошымаңыз – бұнда сіз тақырып бойынша дайындалғанда ақпаратты қайдан алған туралы дәлел көрсетесіздер. Бұл көшірме қағаздарды (газеттен ксерокс) айтып кету керек, мысалы: Егемен Қазақстан №7 басылым
5. Мәселе. Жоғарыда айтылғандай мәселе қарастырылады.
6. Келесі мәселенің шығу себептері. олар бірнеше болуы мүмкін. Әдетте 4-5-тен аспайды. Бастысы – сіздің шешу жолыңыздан кейін бұл себептер болмау керек. Мысалы себептер: 1. студенттердің уақыты жоқ; 2. студенттер ақылы оқып жатыр. 3. мұғалімдер сапалы білім бермей жатыр және т.б.
7. Шешу жолдары. Бұнда негізгі 4 сұраққа жауап беру керек: Қалай? Кім? Қанша? Қашан? Мәселені шешу үшін осы сұрақтарға жауап берсеңіздер жеткілікті.
8. Нәтиже. Басты нәтижені айтуды ұмытпау керек. Нәтижеде мәселе және оның шығу себептері жойылу керек.
Енді әрбір спикердің жұмысын және уақытын кесте арқылы қысқаша көрсетейік:
Ү – Үкімет; О – Оппозиция
Спикер | Уақыт | Міндеті |
Ү-1 | 6 минут | Топты таныстырады, кейстің презентациясын жасайды(жоғарыда айтлығандардың барлығын айтып үлгеру керек) |
О-3 Ү-1-сіне сұрақ қояды | 3 минут | Сұрақ қояды, ол уақытты толық пайдаланбау құқы бар. |
О-1 | 6 минут | Өз тобын таныстырады, үкіметтің барылқ айтылған сөзіне қарсылық айтып, кейсті құлатуға тырысады. |
Ү-3 О-1-сіне сұрақ қояды | 3 минут | Сұрақтар қойып өтеді. |
Ү-2 | 5 минут | Үкіметтің 2 спикері құлатылған кейті қалпына келтіреді және ары қарай дамыта алады. |
О-1 Ү-2-сіне сұрақ қояды | 3 минут | Сұрақтар қойылады. |
О-2 | 5 минут | Қалпына келтірілген кейсті қайтадан құлатуға тырысады. |
Ү-1 О-2-сіне сұрақ қояды | 3 минут | Сұрақтар қойылады. |
Ү-3 | 5 минут | 3-ші спикер жаңа ақпарат (аргумент) қоспай, тек қана ойынға сараптама жасайды. |
О-3 | 5 минут | 3-ші спикер жаңа ақпарат (аргумент) қоспай, тек қана ойынға сараптама жасайды. |
3 қарсылық түрі бар:
1. жеке басқа қолсұғушылық – бұл сіздің жеке басыңызды қорласа, қарсылық жасауыңыз керек (мысалы: сен саңыраусың және т.б.)
2. жаңа аргумент – сараптамада жаңа аргумент енгізілсе, сіз тұрып қарсылық білдіруіңіз керек.
3. Уақыт лимиті – уақыт аяқталған кез, ал қарсыласыңыз әлі сөйлеп жатыр, сонда сіз тұрып қарсылық білдіруіңіз керек.
Ең бастысы, бұл қарсылықтардың барлығын тек өзіңіз ғана жасауыңыз керек, егер тұрып қарсылық білдірмесеңіз, онда қарсылық қабылданбайды.
Алғашқы уақытта түсініксіз болуы мүмкін, алайда 1-2 рет ойнағаннан кейін өте оңай болып кетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?