Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 19-сабақ.
Таратпа материал
«Дөңгелек үстел» әдісі
1-қадам. Мәселенің қойылуы: Шығарманың композициялық құрылымына кешенді талдау жасау;
Композициялық құрылысына талдау.
- Сюжеттің басталуы – кіріспесі, қарым-қатынасқа түспес бұрынғы хал-жағдай, оқиға орны.
- Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы.
- Шиеленісуі – оқиғаның адамдар арасындағы іс-әрекеттің шиеленісіп, ширығуы.
- Шарықтау шегі – ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің күшейіп, өрістеп шығуы.
- Шығарманың шешімі – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына өзі шығарған үкімі, нақты нәтиже, оқиғаға қатысушылардың ең соңғы халі.
2-қадам. Кіші топтарға бөлу;
3-қадам. «Дөңгелек үстел» жұмысының ережесі бойынша:
- Әр сөйлеуші берілген мәселе бойынша пікірін, ойын бір параққа жазады да, сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі оқушы тағы да сол қағазға пікірін, ойын жазып, көршісіне береді.
- мүмкіндік болса, әр қатысушының ойын жазатын қаламының түсі әртүрлі болуы керек;
4-қадам. «Дөңгелек үстелдің» ережесіне сәйкес мәселе жайлы пікірталас;
5-қадам.Кіші топтардағы әңгіме нәтижесін түйіндеу;
6-қадам.«Дөңгелек үстел» қатысушыларының әңгімелері нәтижесінде ой қорытындысын жасау, рөлге еніп кейіпкер бейнесін сомдау.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?